Астана. 22 қараша. BM.KZ – Оны 23 қараша күні Римде ұйым конгресінің отырысында бекітпек. Бұл туралы ұйымның ресми сайтында хабарланған.
«Геннадий Головкин 2025 жылдың 23 қарашасы, жексенбі күні өтетін конгрессте аккламация жолымен World Boxing ұйымының президенті болып тағайындалады. Осы сәтте ол қазіргі президент Борис ван дер Ворсттан өкілеттікті қабылдайды», – делінген хабарламада.
Аккламация процедурасы – шешім қабылдаудың жеңілдетілген тәртібі. Геннадий Головкиннің кандидатурасы тәуелсіз үш сыртқы сарапшыдан құралған тексеру комиссиясымен бағаланып, сайлауға қатысуға мақұлданғаны атап өтілді.
Халықаралық бокс федерациясы (World Boxing) 2023 жылдың сәуірінде ХОК-пен өзара әрекеттесу және бокс спортын Олимпиада бағдарламасына қайтаруға жәрдемдесу мақсатында құрылған. Себебі Халықаралық бокс қауымдастысы (IBA) бірқатар даулы жанжалдан кейін мәртебесінен айрылған болатын. Ал 2025 жылдың 25 ақпанында ХОК World Boxing ұйымына әлемдік деңгейде боксқа басшылық ететін олимпиадалық қозғалыстың халықаралық федерациясы ретінде уақытша танылған.
