Астана. 22 қараша. BM.KZ – Жақында Жетісайда болған өрттен зардап шеккен үшінші адам Шымкентке жеткізілді. Тасымалдау үшін «Қазаэиаспас» тікұшағы пайдаланылды. Бұл туралы ZTB хабарлады.
2018 жылы туған жеткіншек гипербариялық оксигенация орталығына жеткізілген. Қонғаннан кейін науқас дәрігерлерге тапсырылған.
Айта кетейік, Жетісай ауданының Алғабас ауылындағы қайғылы жағдай 18 қарашада болған еді. Өрт сөндіру барысында үйдің ішінен ес-түссіз күйдегі үш адам эвакуацияланып, жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылды. Үйдің ішінен тоғыз баланы қоса алғанда, барлығы 12 адамның денесі табылды.
