Астана. 23 қараша. BM.KZ — Қазақстандық Асу Алмабаев (22-3) Қатар астанасы Доха қаласында өткен аралас жекпе-жектен UFC Fight Night 265 турнирінде АҚШ спортшысы Алекс Переспен (25-9). шеберлік байқасты.
Жеңіл салмақтағы бұл жекпе-жек үш раундқа есептелген еді. Қазақстандық файтер үшінші раундта қарсыласын тұншықтыру әдісімен жеңді.
Осылайша Асу Алмабаев ММА бойынша кәсіби мансабында 23 мәрте жеңіс тұғырына көтерілді. Ал Алекс Перес оныншы рет қарсыластарына есе жіберді.
Айта кетсек, кейінгі жекпе-жегінде отандасымыз Хосе Очоаны сенімді түрде жеңген еді. Ал оның алдағы қарсыласы Алекс Перес бұған дейінгі айқасында жапониялық Тацуро Таираға техникалық нокаутпен есе жіберген болатын.
