Астана. 23 қараша. BM.KZ — Екі қабатты қоймадан шыққан өртті ауыздықтауға Алматы қаласы ТЖД-ның өрт сөндіруге арналған автопойызы тартылды, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.
Алматы қаласының Жетісу ауданындағы екі қабатты қоймада шықты.
Өрт ошақтарына қол жеткізу және оның әрі қарай таралуын болдырмау үшін шатырдың бөлігі ашылған.
Құтқарушылар құрылымдарды сулап, кейбір элементтерді алып тастап, өртті тиімді сөндіру үшін техникалық саңылаулар жасады.
Қызыл жалынмен күреске шамамен 80 адам, 21 техника, сондай-ақ Алматы қаласы ТЖД-ның өрт автопойызы жұмылдырылды.
ТЖМ күштерімен өрт оқшауланды.
Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Өрт сөндірушілер ғимаратты суыту және конструкцияларды бөлшектеу жұмыстарын жалғастыруда. Оттың көршілес ғимараттарға тарау қаупі жоқ.
