• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Тыйымдар, жасырын экспорт және тапшылық: сиыр еті бағасымен шын мәнінде не болып жатыр?

Тыйымдар, жасырын экспорт және тапшылық: сиыр еті бағасымен шын мәнінде не болып жатыр?

26 ноября, 2025 Басты тақырып
Фото: Inbusiness.kz / Максим Морозов

BM.KZ тілшісі саланың өкілдерімен сөйлесіп, ресми статистиканы зерттеп, Қазақстандағы сиыр еті нарығының нақты жағдайын анықтады.

Елде сиыр етінің бөлшек бағасы көпжылдық рекордтарды жаңартып, халық арасында қызу талқыланып жатыр. Ұлттық статистика бюросы мен салалық шолуларға сәйкес, 2025 жылы сиырдың жауырын-кеуде бөлігінің бағасы килограмына 3 500–4 700 теңге, ал жылдық өсім 15–17%-ға жеткен. Бұл — ресми инфляциядан едәуір жоғары.

Бірақ неге дәл осы ет түрі ерекше қымбаттады? Әлеуметтік желілерде фермерлер ашкөздік танытып, малды көрші елдерге сатып жатыр деген пікір кең таралған. Алайда ет нарығының қатысушылары олай ойламайды: олардың айтуынша, мәселенің тамыры тереңде жатыр. Бұл 2019–2020 жылдары қабылданған, соның ішінде тірі мал экспортын шектеуге қатысты мемлекеттік шешімдермен байланысты. Бұл тақырып 2025 жылы қайта көтеріліп отыр.

2019–2020 жылдардағы тыйымдар: нарықты қорғау ниеті фермерлерді тығырыққа тіреді

2019 жылы Қазақстаннан тірі ірі қара мал экспорты күрт артты: шамамен 156 мың бас мал сыртқа шығарылды, оның 78%-ы — Өзбекстанға жөнелтілді. Осы деректер қатаң шаралар енгізуге себеп болған.

2020 жылдың қаңтарында Ауыл шаруашылығы министрлігі тірі мал экспортын толық тоқтатып, бұл шешімді ішкі нарықтағы мал басын сақтау және отандық ет комбинаттарын шикізатпен қамтамасыз ету қажеттілігімен түсіндірді.

Алайда, саланың өкілдері бұл шешім күткендей нәтиже бермеді деп отыр.

«Тыйым енгізілгеннен кейін мал өсіру тиімсіз болып қалды. Адамдар ұрықтандыру, мал басын көбейту жұмыстарын тоқтатты, көптеген шаруашылық жабылып тынды», — дейді нарық сарапшыларының бірі.

Басқа кәсіпкерлердің айтуынша, жағдайды одан әрі ушықтырған тағы бір мәселе — малдың бір бөлігі «көлеңкелі» жолмен экспорттала бастауы. Тыйымға қарамастан, шетелге сату экономикалық жағынан әлдеқайда тиімді болған. Ал шекара бақылауы сол кезеңде әлсіз еді:

«20 мың теңгеге бұқалар түгілі, адам да шекарадан өте алатын», — дейді ет саласының өкілі.

Нарық қатысушыларының айтуынша, мұндай жағдай керісінше жасырын айналымды күшейтті. Бұл — шекарасы кең елдерге тән құбылыс: қатаң шектеулер тауар қозғалысын тоқтатпайды, тек айналымды көлеңкеге итермелейді. Нәтижесінде «адал» жұмыс істейтін өндірушілер тәуекелге тап болады, ал нарықтың ашықтығы төмендейді.

Тиімсіздік, мал басының азаюы және көлеңкелі экспорттың өсуі 2024–2025 жылдары Қазақстанды сиыр еті тапшылығына алып келді.

Дей тұрғанмен, ресми сандар былай дейді:

• ірі қара малдың шамамен 50%-ы — халық қолында,
• 42%-ы — шаруа қожалықтарында,
• 9,5%-ы — ірі кәсіпорындарда.

Яғни негізгі жүк — ұсақ шаруашылықтарда. Бағаның құбылуы мен мемлекеттік шектеулерден ең қатты зардап шегетіндер де сол шаруашылықтар.

Бағаның өсуіндегі тағы бір фактор — өндіріс шығындарының артуы. Өндірушілердің айтуынша, малды бордақылаудың өзіндік құны қазір килограмына 1 800–1 900 теңге шамасында. Ал сол ет дүкенге түскен кезде 3 500–4 700 теңгеден сатылады.

Бұл айырмашылық жем-шөп, логистика, энергия, қайта өңдеу және басқа да шығындардың үздіксіз өсуімен қалыптасып отыр. Қазақстанда малдың көп бөлігі ұсақ шаруашылықтарда болғандықтан, олар үшін бұл шығындар тіптен ауыр тиеді.

Қайта өңдеушілер дабыл қағады: сиыр етін басқа етпен алмастыру өршіп тұр

Ет өнімдерін өндірушілердің айтуынша, қымбатшылық мен тапшылықтың кесірінен нарықта «ет қоспалары» көбейіп кеткен.

«Сөрелердегі бағаны ұстап тұру үшін кейбір өндірушілер “сиыр етіне” жылқы не түйе етін, тіпті киік етін қосып жатыр», — дейді қайта өңдеу саласының өкілдері.

Бұл — тұтынушыны жоғалтпау үшін өндіріс құнын жасанды түрде төмендетудің амалы. Салдарынан сапа төмендеп, нарық бұрмаланады.

2025 жылдың қарашасында Ауыл шаруашылығы министрлігі 2026 жылдың 30 сәуіріне дейін тірі бұқа экспортын шектеуді ұсынған жаңа бұйрық жобасын жариялады. Ресми себеп бұрынғыша — ішкі нарықты қорғау және қайта өңдеуді шикізатпен қамтамасыз ету.

Алайда сала өкілдері бұл бастамаға алаңдап отыр. Олардың айтуынша, мұндай қатаң шараларды қайталау қазіргі түйткілдерді шешпейді, керісінше, заңды түрде жұмыс істейтін өндірушілердің жағдайын ауырлатады. Салада жүйелі қолдау, ашық бақылау және болжамды саясат болмаған жағдайда кез келген тыйым белгісіздік тудырады: шаруалар ертең қандай ереже болатынын білмегендіктен, мал басын көбейтуге де, инвестиция салуға да қадам жасай алмайды.

Сарапшылардың пікірінше, бүгінгі күні нарыққа ең қажеті — тұрақтылық пен түсінікті механизмдер, ал жаңа қатаң шектеулер бұл мәселені шешпейді.

Диана Ыдырыс,
BM.KZ

баға ет сиыр еті

Оқылып жатыр

ҰБТ: үш апта ішінде 283 заңбұзушылық анықталды

АҚШ Сенаты алғаш рет Иранмен соғысты тоқтату туралы қарарды қолдады

Құрбан айт: ҚМДБ еліміз бойынша айт намазының кестесін жариялады

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024850 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024676 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024549 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024473 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024452 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024439 рет оқылды

Семейдің қақ ортасында жүк көлігі шұңқырға түсіп кетті

15 сентября, 2025390 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024334 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024330 рет оқылды
Новости

ҰБТ: үш апта ішінде 283 заңбұзушылық анықталды

Басты тақырып 2 июня, 2026

Астана. BM.KZ. 2 маусым — Бүгінгі күнге дейін өзге адамның орнына тест тапсыру дерегі анықталған…

АҚШ Сенаты алғаш рет Иранмен соғысты тоқтату туралы қарарды қолдады

20 мая, 2026

Құрбан айт: ҚМДБ еліміз бойынша айт намазының кестесін жариялады

19 мая, 2026

Қазақстандықтар шетелде тұрса да зейнетақы алуға құқылы – Конституциялық Сот

19 мая, 2026

Алтын Орданың тікелей мұрагеріміз — Мемлекет басшысы

19 мая, 2026

Лондон, Париж, Рим, Вена: елордадан Еуропа елдеріне тікелей әуе рейстері ашылады

19 мая, 2026

Бүгін Қазақстан мегаполистерінің бірінде қатты нөсер жауады

19 мая, 2026

Сан-Диего мешітіндегі атыс: үш тұрғын мен екі күдікті мерт болды

19 мая, 2026

Алдағы күндері күн күрт суытады

18 мая, 2026

Александр Бублик әлемдік рейтингіде үздік көрсеткішін қайталады

18 мая, 2026

Сұлтан Сарсемалиев істі алқа билерге беруден бас тартты

18 мая, 2026

Оқу-ағарту вице-министрі тағайындалды

18 мая, 2026

Қазақстандағы көмір қоры 300 жылдан астам уақытқа жетеді

18 мая, 2026

Жания Бекмұхамбетова Ташкенттегі турнирде алтын медаль жеңіп алды

15 мая, 2026

КТК маусым айында мұнай экспортын қысқартады

15 мая, 2026

ШҚО-да балалар стоматологиялық емханасы жұмыскерлерінің еңбекақысын төлемеген

15 мая, 2026

Қазақстан мен Түркия мәңгілік достық туралы декларацияға қол қойды

14 мая, 2026

Елдегі қай автожолдардың сапасы сын көтермейді?

14 мая, 2026

Салтанат Нүкенованың өлімі: кассациялық сот Байжановтың жазасын өзгеріссіз қалдырды

14 мая, 2026

Ақтауда полиция қызметкері көлігімен бір жарым жасар баланы қағып кетті

14 мая, 2026
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.