Астана. 27 қараша. BM.KZ — Жол-көлік апаты Бейнеу ауылында болған. Бейнебақылау жазбаларында көлік қатты жылдамдықпен келіп, полиция көлігіне соқтығысады.
Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, көлікте жасөспірім болған.
— Полиция көлігінің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасы 25 қарашада тіркелді. Бейнежазбада «Toyota Camry» автокөлігі жоғары жылдамдықпен патрульдік көлікке соғылғаны көрінеді. Көлікті 17 жастағы жас жігіт басқарған. Оның ата-анасы кәмелет жасқа толмаған балаға көлік жүргізуге жол бергені және тәрбиелеу міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, — делінген хабарламала.
Абырой болғанда, жол-көлік апатынан ешкім зардап шекпеген. Аталған дерек бойынша қызметтік тексеріс тағайындалған.
