• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» жаһандық акциясын қолдау мақсатында Астанадағы ғимараттар қызғылт-сары түске боялды

«Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» жаһандық акциясын қолдау мақсатында Астанадағы ғимараттар қызғылт-сары түске боялды

30 ноября, 2025 Басты тақырып
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Астана. 30 қараша. BM.KZ — Астанада «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» жаһандық акциясын қолдау мақсатында қаланың бірқатар нысанына қызғылт-сары түсті жарық жағылды. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігі мәлімдеді.

Қызғылт-сары түс – жылылықтың, үміт пен ынтымақтың белгісі. Ол әр адамның құқығын қорғау қажеттігін және кез келген зорлық-зомбылыққа жол бермеу идеясын алға тартады.

Осы күндері елорданың маңызды нысандары ерекше жылы қызғылт-сары түске боялды. Әр нысан осындай маңызды мәселеге назар аудартып, көмекке мұқтаж жандарға қолдау көрсетуге үндейді.

Елімізде Біріккен ұлттар ұйымының Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы Конвенциясына сәйкес жыл сайын 25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында өтетін «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн белсенді іс-қимыл» атты жаһандық халықаралық науқаны басталады. Бұл науқан әлемнің 180-нен астам елін біріктіреді және әйелдер мен қыздарға қатысты зорлық-зомбылық мәселелеріне назар аударуға, отбасылық құндылықтарды нығайтуға және халықтың қол жетімді қорғану шаралары туралы хабардарлығын арттыруға бағытталған.

Биыл науқан – «Әйелдер мен қыздарға қатысты цифрлық зорлық-зомбылықты тоқтату үшін бірігейік» деген ұранмен өтеді. Цифрлық технологиялар біздің өміріміздің ажырамас бөлігіне айналды, адамзат үшін жаңа мүмкіндіктер ашқанымен, қауіп-қатердің жаңа түрлерін яғни кибербуллинг, онлайн қудалау, жеке бастың деректері, суреттер мен бейнежазбаларды рұқсатсыз тарату, желіде қорлау және нәзік жандылардың жеке басына онлайн қауіп тудырып келеді.

Зерттеулер көрсеткендей, әйелдер мен қыздар көбінесе осындай әрекеттердің құрбаны болады. Цифрлық зорлық-зомбылық адамға ауыр психологиялық зиян келтіреді, қауіпсіздік сезімін төмендетеді, әйелдердің қоғамдық өмірге және цифрлық экономикаға қатысуын шектейді.

Науқан аясында бүкіл ел аумағында кең ауқымды ақпараттық-ағарту іс-шаралары өтеді. Халықпен кездесулер, мобильді топтардың жұмысы, жедел желілер, флешмобтар, дөңгелек үстелдер, ұйымдар мен оқу орындарындағы семинарлар. Зардап шеккендерге арналған іс-қимыл алгоритмдерін түсіндіруді күшейтіп, жадынамалар, инфографика әлеуметтік роликтер мен билбордтар орналастырылады. Агрессорлармен жұмыс істеуге және қайталанған зорлық-зомбылықтың алдын алуға ерекше назар аударылатын болады.

Цифрлық сауаттылық және онлайн-қауіпсіздік бойынша заңгерлер, IT мамандар мен психологтардың қатысуымен тренингтер, пікірталас алаңдары ұйымдастырылады. Мектептерде, колледждерде және жоғары оқу орындарында сурет конкурстары мен тақырыптық сабақтар өтеді. Көптеген аймақта – іс шараларды қызғылт сары түстес жалаушалар, плакаттар және шарлармен безендіру, ғимараттарды қызғылт сары түстес жарықпен жарықтандыру сияқты зорлық-зомбылықпен күресудің символы «Қызғылт сары күн» яғни «Орандж дэй» акциясы өтеді. Әлеуметтік желілерде зорлық-зомбылықтың кез келген түрін, оның ішінде онлайн-ортада жол бермеу мәдениетін қалыптастыруға бағытталған #ЦифрлықЗорлықЗомбылықтыТоқтату хэштегімен флешмобтар іске қосылады.

– Цифрлық сауаттылықты арттыруға қоғамның ашықтығы мен оған қатысуы, барлық азаматқа, әсіресе әйелдер, қыздар мен балалар үшін қауіпсіз цифрлық кеңістік құруға көмектесетініне сенімдіміз. Қазақстан Республикасының ІІМ Мемлекеттік органдарды, бұқаралық ақпарат құралдарын, үкіметтік емес ұйымдарды және барлық гендерлік зорлық-зомбылыққа бейжай қарамайтын азаматтарды осы науқанға қосылуға шақырады. Біз тек бірігіп ғана зорлық – зомбылықтың кез келген көріністеріне – нақты өмірде және цифрлық ортада-қоғамдық төзбеушілікті қалыптастыра аламыз және Қазақстанда қауіпсіз, күшті және орнықты қоғам құра аламыз, — дейді Polisia.kz.

астана Ғимарат зорлық-зомбылық қоғам

Оқылып жатыр

ҰБТ: үш апта ішінде 283 заңбұзушылық анықталды

Құрбан айт: ҚМДБ еліміз бойынша айт намазының кестесін жариялады

Қазақстандықтар шетелде тұрса да зейнетақы алуға құқылы – Конституциялық Сот

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024849 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024676 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024549 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024473 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024452 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024439 рет оқылды

Семейдің қақ ортасында жүк көлігі шұңқырға түсіп кетті

15 сентября, 2025390 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024334 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024330 рет оқылды
Новости

ҰБТ: үш апта ішінде 283 заңбұзушылық анықталды

Басты тақырып 2 июня, 2026

Астана. BM.KZ. 2 маусым — Бүгінгі күнге дейін өзге адамның орнына тест тапсыру дерегі анықталған…

АҚШ Сенаты алғаш рет Иранмен соғысты тоқтату туралы қарарды қолдады

20 мая, 2026

Құрбан айт: ҚМДБ еліміз бойынша айт намазының кестесін жариялады

19 мая, 2026

Қазақстандықтар шетелде тұрса да зейнетақы алуға құқылы – Конституциялық Сот

19 мая, 2026

Алтын Орданың тікелей мұрагеріміз — Мемлекет басшысы

19 мая, 2026

Лондон, Париж, Рим, Вена: елордадан Еуропа елдеріне тікелей әуе рейстері ашылады

19 мая, 2026

Бүгін Қазақстан мегаполистерінің бірінде қатты нөсер жауады

19 мая, 2026

Сан-Диего мешітіндегі атыс: үш тұрғын мен екі күдікті мерт болды

19 мая, 2026

Алдағы күндері күн күрт суытады

18 мая, 2026

Александр Бублик әлемдік рейтингіде үздік көрсеткішін қайталады

18 мая, 2026

Сұлтан Сарсемалиев істі алқа билерге беруден бас тартты

18 мая, 2026

Оқу-ағарту вице-министрі тағайындалды

18 мая, 2026

Қазақстандағы көмір қоры 300 жылдан астам уақытқа жетеді

18 мая, 2026

Жания Бекмұхамбетова Ташкенттегі турнирде алтын медаль жеңіп алды

15 мая, 2026

КТК маусым айында мұнай экспортын қысқартады

15 мая, 2026

ШҚО-да балалар стоматологиялық емханасы жұмыскерлерінің еңбекақысын төлемеген

15 мая, 2026

Қазақстан мен Түркия мәңгілік достық туралы декларацияға қол қойды

14 мая, 2026

Елдегі қай автожолдардың сапасы сын көтермейді?

14 мая, 2026

Салтанат Нүкенованың өлімі: кассациялық сот Байжановтың жазасын өзгеріссіз қалдырды

14 мая, 2026

Ақтауда полиция қызметкері көлігімен бір жарым жасар баланы қағып кетті

14 мая, 2026
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.