• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Қазақстанның СІМ Каспий құбыр консорциумына жасалған шабуылға байланысты наразылық білдірді

Қазақстанның СІМ Каспий құбыр консорциумына жасалған шабуылға байланысты наразылық білдірді

30 ноября, 2025 Басты тақырып
Фото: ҚР СІМ

Астана. 30 қараша. BM.KZ — Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Каспий құбыр консорциумына жасалған шабуылға байланысты мәлімдеме жасады.

Сыртқы істер министрлігі Новороссийск теңіз порты акваториясында халықаралық Каспий құбыр консорциумының аса маңызды инфрақұрылымына бағытталған кезекті мақсатты шабуылға байланысты наразылық білдірді.

Ведомствоның хабарлауынша, бұл оқиға халықаралық құқық нормаларымен қорғалатын азаматтық нысанға қарсы жасалған үшінші агрессиялық акті болып отыр.

– Жаһандық энергетикалық нарықтың жауапты қатысушысы ретінде Қазақстан энергия ресурстарын тұрақты әрі үздіксіз жеткізуді қамтамасыз етуге ерекше мән береді. Каспий құбыр консорциумы әлемдік энергетикалық жүйенің тұрақтылығын сақтауда айрықша орын алатынын атап өтеміз. Осы оқиғаны Қазақстан Республикасы мен Украинаның екіжақты қатынастарына залал келтіретін әрекет ретінде бағалаймыз және украин тарапы мұндай жағдайлардың қайталануына жол бермеу бойынша нақты шаралар қабылдайтынын күтеміз, – делінген хабарламада.

Айта кетейік, 29 қараша күні сағат 06:06-де Новороссийск маңындағы Каспий құбыр желісі консорциумының теңіз терминалы шабуылға ұшырады. Су үстіндегі ұшқышсыз қайықтар акваторияға шабуыл жасап, ВПУ-2 ауыспалы айлақ құрылғысын зақымдады. Консорциум бұл оқиғаны әдейі жасалған террористік шабуыл деп атады. Порт капитанының бұйрығымен барлық тиеу жұмысы дереу тоқтатылып, танкерлер акваториядан шығарылды. Консорциум қызметкерлері мен мердігерлер арасында зардап шеккендер жоқ.

Жарылыс кезінде авариялық қорғаныс жүйесі тиісті құбырларды автоматты түрде жапқан. Алдын ала мәлімет бойынша, Қара теңізге мұнай төгілмеген. Қазір мамандар су сынамаларын алып, экологиялық мониторинг жүргізіп жатыр және төтенше жағдай туындаған жағдайда оны жою жоспары бойынша әрекет етеді.

КҚК өкілдері зақымданған ВПУ-2 құрылғысын пайдалануға болмайтынын мәлімдеді. Теңіз дрондарынан төнген қауіп жойылғаннан кейін ғана мұнай тиеу қайта басталады.

Бұл — осымен үшінші ұқсас оқиға. Бұған дейін «Кропоткинская» мұнай айдау станциясы мен Новороссийск маңындағы терминал офисі шабуылға ұшыраған еді.

Айбек Смадияров Каспий құбыр консорциумы КҚК ҚР Энергетика министрлігі мұнай СІМ

Оқылып жатыр

Алан – Қазақстанда жаңа туған ұл балаларға ең жиі берілетін есім

Ақтөбе облысында тағы бір әкім өз-өзіне қол жұмсады

Нұрлыбек Нәлібаев ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024847 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024676 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024548 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024473 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024451 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024439 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024334 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024330 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

«Мен де қосыламын»: Рыбакина теннисшілердің бойкотына үн қосты

Жаңалықтар 6 мая, 2026

Астана. 6 мамыр. BM.KZ – Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакина Үлкен дулыға турнирлерінің сыйақы қорына…

Алан – Қазақстанда жаңа туған ұл балаларға ең жиі берілетін есім

6 мая, 2026

Ақтөбе облысында тағы бір әкім өз-өзіне қол жұмсады

6 мая, 2026

Пара бергені үшін іздеуде жүрген қазақстандық Грузиядан елге қайтарылды

6 мая, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды

6 мая, 2026

Терроризм туралы жалған ақпарат таратқандар жауапқа тартылады – ІІМ

20 апреля, 2026

Үндістанда отшашу фабрикасында болған жарылыстан 23 адам қаза тапты

20 апреля, 2026

Қазгидромет еліміздің 14 өңірінде қолайыз ауа райы болатынын ескертті

20 апреля, 2026

АҚШ-тағы атыс: сегіз баланы өлтірген күдікті олардың жетеуінің әкесі болып шықты

20 апреля, 2026

Елена Рыбакина Штутгарт турнирінде жеңіске жетті

20 апреля, 2026

Қазақтың танымал ақыны Мұхтар Шаханов өмірден өтті

20 апреля, 2026

Каспийде итбалықтар қырылды

18 апреля, 2026

Елена Рыбакина Штутгарт турнирінде жеңіске жетіп, жартылай финалға өтті

18 апреля, 2026

БҚО-да 61 жастағы ер адамның мәйіті табылды

17 апреля, 2026

Туристер саяхат кезінде нені ескеруі керек

17 апреля, 2026

Әділет Алмат дзюдодан Азия чемпионы атанды

17 апреля, 2026

1 млн доллар жымқырған күдікті Германияда ұсталды

17 апреля, 2026

4 мыңнан аса тегін препарат сатылған — ДСМ

17 апреля, 2026

Шақырту қағазы, медкомиссия, кейінге қалдыру: әскерге шақыру туралы не білу керек?

17 апреля, 2026

Қарағанды облысындағы жолда көлік қозғалысына шектеу қойылды

17 апреля, 2026
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.