Астана. 2 желтоқсан. BM.KZ — Тергеу соты ORDA басылымының бас редакторы Гүлнәр Бажкенованы үй қамаққа алуға санкция берді. Бұл туралы әлеуметтік желілерде редакция адвокаты Мұрат Адам хабарлады.
«Тергеу соты 2 ай үй қамауға алу туралы шешім шығарды», — деп жазды Мұрат Адам өзінің Facebook парақшасында.
Айта кетейік, Orda.kz бас редакторы Гүлнәр Бажкеноваға қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Ведомство жалған мәліметтерді таратқаны үшін бірнеше қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады
