• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Қырықтағы «балалар» хирург жағалап жүр

Қырықтағы «балалар» хирург жағалап жүр

3 декабря, 2025 Басты тақырып
Фото: ашық дереккөзден

Астана. 3 желтоқсан. BM.KZ – Жастар тренд қуып, дене мүшесін үлкейтумен әуре боп жүргенде, аға буын керісінше «ұят болады» деп, «артық» жерін алдырту үшін пышаққа түседі. Егде жастағы ерлердің бүгінде өз трендтері бар. Соның бірі – сүндетке отырғызу.

Соңғы жылдары осы «балалар» операциясына жасы келген ер адамдар жиі барып жүр. Кезінде діни «гештальтын» бітірмегендер екені айтпаса да түсінікті. Ара-тұра қарт кісілер жайлы естіп қалатын әңгімелер де осыдан туады. «Зейнеткер сүндетке отырғызылмақшы» дегенді естігенде балалары мен немерелері: «ата, қойыңызшы!» дейді. Ал ол болса «жуындырып, ақтық сапарға аттандырарда бәрі менің қандай мұсылман болғанымды көретін болады» деп қысылып жатады. Мұндай мысалдар өте көп.

Осыған байланысты BM.KZ тілшісі аға буын өкілдерінің «артық терісінен» неге тым қолайсыз жағдайда арылып жатқанын анықтап көрді. Jarqyn medical медициналық орталығының уролог-андрологы Бекжан Жарқымбектің айтуынша, жасы ұлғайған пациенттер айына 5-6 рет, шамамен әр апта сайын сүндетке отырғызу процедурасына келеді.

Фото: Бекжан Жарқымбектің жеке мұрағатынан

«40 жастан асқан клиенттер біздің клиникада да сирек емес. Жасы үлкен пациенттердің тұрақты легі ай сайын байқалады. Әрине, келу себептері әр түрлі. Гигиена да үлкен рөл атқарады. Айтпақшы, бізге тек мұсылмандар ғана емес, басқа дін өкілдері де келеді. Пациенттердің 10 пайызы – өзге діндегі адамдар», – дейді дәрігер.

Белгілі болғаны, жасы келген пациенттердің көбіне сүндеттеу бала кезінде жасалған екен.

«Көпшілігіне процедура дұрыс жасалмаған, толық аяқталмаған. Хирургия тұрғысынан қарағанда, ондай жағдайда операция жасалды деуге келмейді. Жас кезде адамдар бұл факт үшін ұялып, ол туралы айтпауға тырысады. Сөйтіп, мәселе 40-50 жасқа дейін созылып кетеді», – деп түсіндіреді Бекжан Жарқымбек.

Оның айтуынша, кеңес заманында сүндеттеуді көбіне дипломы бар мамандар емес, өздігінен үйреніп алған «көршілер» жасаған.

«Әрбір ауылда сондай адам болатын. Әрине, оның хирург деген дипломы жоқ. Бір жерден көрген, біреуден тез-тез үйренген де тапсырыс алып істей берген. Салдарынан кей клиенттің жолы болмай қалған. Бұл – сүндеттелмегенмен бірдей. Тіпті, ондай әуесқойлар денсаулыққа зиян келтіруі де мүмкін. Кейін жыныстық салада проблемалар туындауы ықтимал», – дейді дәрігер.

Сонымен қатар, Бекжан Жарқымбек жасы ұлғайған кезде хирургиялық араласудың белгілі бір қауіптері болатынын ескертеді.

«Кез келген хирургиялық процедура сияқты сүндеттеу де ағзаның дайындығын қажет етеді. Жасы келген кей пациенттерде қант диабеті болуы мүмкін. Егер қант деңгейі қалыптан жоғары болса, біз операциядан бас тартамыз. Жүрек-қан тамыр ауруларына да қатысты жағдай осындай. Сондықтан жасы үлкен клиенттерден белгілі бір анализдер тапсыруын сұраймыз», – дейді хирург.

Темірлан Құсбаев,

Астана

BM.KZ

Jarqyn medical медициналық орталығы аға буын Бекжан Жарқымбек қарт сүндеттеу

Оқылып жатыр

ҰБТ: үш апта ішінде 283 заңбұзушылық анықталды

Құрбан айт: ҚМДБ еліміз бойынша айт намазының кестесін жариялады

Алтын Орданың тікелей мұрагеріміз — Мемлекет басшысы

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024849 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024676 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024549 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024473 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024452 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024439 рет оқылды

Семейдің қақ ортасында жүк көлігі шұңқырға түсіп кетті

15 сентября, 2025344 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024334 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024330 рет оқылды
Новости

ҰБТ: үш апта ішінде 283 заңбұзушылық анықталды

Басты тақырып 2 июня, 2026

Астана. BM.KZ. 2 маусым — Бүгінгі күнге дейін өзге адамның орнына тест тапсыру дерегі анықталған…

АҚШ Сенаты алғаш рет Иранмен соғысты тоқтату туралы қарарды қолдады

20 мая, 2026

Құрбан айт: ҚМДБ еліміз бойынша айт намазының кестесін жариялады

19 мая, 2026

Қазақстандықтар шетелде тұрса да зейнетақы алуға құқылы – Конституциялық Сот

19 мая, 2026

Алтын Орданың тікелей мұрагеріміз — Мемлекет басшысы

19 мая, 2026

Лондон, Париж, Рим, Вена: елордадан Еуропа елдеріне тікелей әуе рейстері ашылады

19 мая, 2026

Бүгін Қазақстан мегаполистерінің бірінде қатты нөсер жауады

19 мая, 2026

Сан-Диего мешітіндегі атыс: үш тұрғын мен екі күдікті мерт болды

19 мая, 2026

Алдағы күндері күн күрт суытады

18 мая, 2026

Александр Бублик әлемдік рейтингіде үздік көрсеткішін қайталады

18 мая, 2026

Сұлтан Сарсемалиев істі алқа билерге беруден бас тартты

18 мая, 2026

Оқу-ағарту вице-министрі тағайындалды

18 мая, 2026

Қазақстандағы көмір қоры 300 жылдан астам уақытқа жетеді

18 мая, 2026

Жания Бекмұхамбетова Ташкенттегі турнирде алтын медаль жеңіп алды

15 мая, 2026

КТК маусым айында мұнай экспортын қысқартады

15 мая, 2026

ШҚО-да балалар стоматологиялық емханасы жұмыскерлерінің еңбекақысын төлемеген

15 мая, 2026

Қазақстан мен Түркия мәңгілік достық туралы декларацияға қол қойды

14 мая, 2026

Елдегі қай автожолдардың сапасы сын көтермейді?

14 мая, 2026

Салтанат Нүкенованың өлімі: кассациялық сот Байжановтың жазасын өзгеріссіз қалдырды

14 мая, 2026

Ақтауда полиция қызметкері көлігімен бір жарым жасар баланы қағып кетті

14 мая, 2026
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.