Астана. 3 желтоқсан. BM.KZ – Алматы жедел жәрдем көлігі жол апатына ұшырады.
Алматы қаласы полиция департаментінің мәліметінше, жол көлік-оқиғасы бүгін сағат 00:40–та Алатау ауданында болған. Жедел жәрдем көлігі Саин даңғылымен келе жатып, бұрылмақ болғанында Kia маркалы автокөлікпен соқтығысқан.
— Жол апаты салдарынан екі көліктің жүргізушілері мен жолаушылары дене жарақатын алды. Өкінішке қарай, жедел жәрдем қызметінің 2002 жылғы өкілі бірнеше сағаттан кейін ауруханада жан тапсырды, — деп хабарлады департаменттен.
Қазір полиция адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғап, тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
