Астана. 6 желтоқсан. BM.KZ – «Үлкен жетілік» елдері мен Еуропалық одақ Ресей мұнайының экспортының бағасын шектеуді теңіз тасымалына толық тыйым салумен алмастыру жөнінде келіссөздер жүргізіп жатыр. Ресейдің Украинадағы соғысты қаржыландыруға жұмсалып отырған мұнай кірістерін осылай азайту кіріспек. Бұл туралы Reuters дереккөздеріне сүйеніп хабарлады.
Ресей өз мұнайының үштен бірінен астамын Батыс елдерінің танкерлерімен, негізінен Үндістан мен Қытайға, батыстық кеме компанияларын пайдалана отырып экспорттайды. Мұндай тыйым салынса, бұл сауда тоқтайды. Ал қазіргі тасымалдың басым бөлігі Грекия, Кипр және Мальта сияқты ЕО құрамындағы елдердің флоттары арқылы жүзеге асып отыр.
Экспортталатын ресейлік мұнайдың қалған екі үштен бірі Батыстың бақылауы мен стандарттарынан тыс жұмыс істейтін, «көлеңкелі флот» деп аталатын жүздеген танкерден тұратын флот арқылы тасымалданады. Егер G7 және ЕО теңіз тасымалына тыйым салса, Ресей осы флотты одан әрі кеңейтуге мәжбүр болады.
Reuters жазуына қарағанда, тыйым 2026 жылдың басына жоспарланған ЕО-ның Ресейге қарсы келесі санкциялар пакетінің бөлігі болуы мүмкін. 27 елден тұратын ЕО бұл тыйымды G7-мен кеңауқымды келісім аясында мақұлдап алып, содан кейін ғана санкциялар пакеті құрамына енгізгісі келеді.
