Астана. 11 желтоқсан. BM.KZ — Алматы-Өскемен трассасының 462-шақырымында 10 желтоқсанда боран мен көктайғақ салдарынан ірі жол апаты болды, деп хабарлайды ZTB.
Алдын ала ақпарат бойынша, KIA көлігінің жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кетіп, Toyota маркалы автокөлікпен соқтығысқан.
Полиция хабарлағандай, апат салдарынан 4 адам оқиға орнында қаза тауып, тағы 4 жолаушы түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілген.
Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
