Астана. 19 желтоқсан. BM.KZ — Астана маңындағы Қосшы қаласында оқушылар автобусы отқа оранды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Абырой болғанда, зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Балалар көлігі қаладағы мемлекеттік мектепке тиесілі. Төтеншеліктер тілсіз жауды тез арада сөндірген.
Алдын ала мәлімет бойынша, өрттің шығуына электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болған көрінеді.
«18 желтоқсан таңертең сағат 8:04 шамасында Қосшы қаласының мектептерінің бірінің аумағында тұрақта тұрған автобустардың бірі жанғаны туралы хабарлама келіп түсті. Өрт орнына дереу 35-мамандандарылған өрт сөндіру бөлімінің 13 жеке құрамы және 2 бірлік техникасы жөнелтілді. Өрт сөндірушілердің жедел әрекеттерінің арқасында өрт қысқа уақыт ішінде жойылды. Зардап шеккендер жоқ», – деді Қосшы қаласы Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Шахмардан Әзірбаев.
