Астана. 19 желтоқсан. BM.KZ — Жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен үш адам ауруханаға жеткізілді.
Батыс Қазақстан облысында болған жол-көлік оқиғасы салдарынан екі адам көз жұмды. Бұл туралы өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Апат 19 желтоқсан күні сағат 10:05 шамасында Самара – Шымкент тасжолының 270-шақырымында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, ВАЗ-2112 автокөлігінің жүргізушісі рульге ие бола алмай, қарсы бағытқа шығып кетіп, Volkswagen Passat көлігімен соқтығысқан.
«ВАЗ автокөлігінің жүргізушісі мен Volkswagen көлігінің жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапты. Ал Passat көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді», – делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта полиция аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғап, жол апатының себептері мен мән-жайларын анықтауда.
