• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Сенат медицина қызметкері мен жедел жәрдем жүргізушілерін қорғайтын заңды мақұлдады

Сенат медицина қызметкері мен жедел жәрдем жүргізушілерін қорғайтын заңды мақұлдады

25 декабря, 2025 Басты тақырып
Фото: knews.kg

Астана. 25 желтоқсан. BM.KZ – Бүгін Сенаттың жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне және Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне толықтырулар енгізу туралы» заң екі оқылымда қаралып, мақұлданды.

— Бүгін біз адам өмірі үшін «алдыңғы шепте» жүрген медицина қызметкерлері мен жедел жәрдем жүргізушілерін қорғауға бағытталған өте маңызды заң жобасын қарастырып отырмыз. Неліктен бұл заң қажет? Денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, соңғы 5 жылда медиктерге 280 шабуыл жасалған. Бірақ бұл — «айсбергтің шыңы» ғана, өйткені дәрігерлер көбіне арыз жазбайды. Зардап шеккен бір дәрігер — бұл көмексіз қалған мыңдаған пациент. Мысалы, Қостанайда хирург алған жарақатынан 4 ай жұмыс істей алмай, 960 адам білікті көмектен айырылды, — деді сенатор Руслан Рүстемов.

Оның айтуынша, қазіргі таңда қорықшыны қорғау үшін 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген. Ал өмір сыйлайтын дәрігерлер осы уақытқа дейін тек «бұзақылық» бабымен ғана қорғалып келді.

— Бұл заң медициналық ұжымдарға қорғаныш сезімін береді және мемлекет тарапынан олардың еңбегін бағалаудың нақты сигналы болады. Медициналық ұжымдар бұл заңды көптен бері күтіп отыр. Ол дәрігерлерге жетіспейтін қорғаныш сезімін береді. Бұл мемлекет тарапынан: «Біз сіздердің еңбектеріңізді бағалаймыз және өмірлеріңізге қауіп төнуіне жол бермейміз» деген нақты сигнал, — деді ол.

Сонымен, заңмен Қылмыстық кодекс жаңа 380-3-баппен «Медицина қызметкеріне немесе жедел медициналық жәрдем көлігінің жүргізушісіне қатысты күш қолдану қатерін төндіру немесе оны қолдану» толықтырылады. Онда медицина қызметкерінің немесе жедел медициналық жәрдем көлігі жүргізушісінің қызметтік немесе кәсіптік міндеттерін орындауы кезінде немесе орындауына байланысты не оларды орындағаны үшін кек алу мақсатында олардың өмірі мен денсаулығына қатысты күш қолдану қатерін төндіргені немесе күш қолданғаны үшін қылмыстық жауапкершілік көзделеді. Осыған орай мынадай нормалар ұсынылады:

— медицина қызметкерлеріне және жедел жәрдем бригадаларының жүргізушілеріне қатысты күш қолдану қатерін төндіргені үшін 200-ден 500 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не 300 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту не екі жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе бас бостандығынан айыру түрінде жаза көзделеді. Ауырлататын мән-жайлар болған кезде екі жылдан үш жылға дейін бас бостандығын шектеу не бас бостандығынан айыру;

— адам өміріне және (немесе) денсаулығына қауіпті емес күш қолданған кезде 500-ден 1000 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салу не болмаса сол мөлшерде түзету жұмыстарына, не 600 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту, не 2 жылдан 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе бас бостандығынан айыру түрінде жаза көзделеді. Егер іс-әрекет ауырлататын мән-жайлар кезінде жасалса, жаза 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе бас бостандығынан айыру түрінде қатаңдатылады;

— адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін күш қолданылған кезде 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түрінде жаза қолданылады. Ауырлататын мән-жайлар болған кезде 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру түрінде жаза көзделеді.

Бұдан басқа Қылмыстық-процестік кодекс 187-бабының 2-бөлігі және 191-бабының 2-бөлігі Қылмыстық кодекстің 380-3-бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша ішкі істер органдарының сотқа дейінгі тергеп-тексеру және анықтау жөніндегі құзыретін айқындауға бағытталған нормалармен толықтырылады.

Заңды қабылдау нәтижесінде медицина қызметкерлерінің және жедел медициналық жәрдем көлігі жүргізушісінің қызметтік немесе кәсіптік міндеттерін орындауы кезінде оларды зорлық-зомбылықтан құқықтық қорғау қамтамасыз етіледі және қауіпсіз жұмыс ортасы құрылады, көрсетілетін қызметтердің сапасы артады.

дәрігер денсаулық жедел жәрдем Заң Қауіпсіздік медицина Сенат

Оқылып жатыр

Шығыс Қазақстан тұрғындарын кене шаға бастады

NBC TV қаржы пирамидасына қатысты тергеу аяқталды

Мемлекет басшысы ҚР Үкіметі мен ХҚДБ арасындағы келісімге қатысты құжатқа қол қойды

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024846 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024676 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024548 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024472 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024451 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024438 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024334 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024330 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

Шығыс Қазақстан тұрғындарын кене шаға бастады

Жаңалықтар 7 апреля, 2026

Астана. 7 сәуір. BM.KZ — Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында 4 адамды кене шақты, деп…

NBC TV қаржы пирамидасына қатысты тергеу аяқталды

7 апреля, 2026

Мемлекет басшысы ҚР Үкіметі мен ХҚДБ арасындағы келісімге қатысты құжатқа қол қойды

7 апреля, 2026

Шарын табиғи паркінде Түркістан сілеусіні фототұзаққа түсті

7 апреля, 2026

LRT сынағы барлық 19 құраммен жүргізіле бастады

7 апреля, 2026

Атырауда қоқыс полигоны өртке оранды

7 апреля, 2026

Катонқарағай елдегі ең экологиялық таза қалаға айналады

7 апреля, 2026

Алматыдағы жол апатына кінәлі жүргізуші тергеу изоляторына қамалды

7 апреля, 2026

Әсері күшті дәрілерді заңсыз сату бойынша 16 қылмыстық іс қозғалды

7 апреля, 2026

Қазақстанда жол-құрылыс маусымы басталды

7 апреля, 2026

Artemis II экипажы Жерден ең алыс қашықтыққа ұшу рекордын жаңартты

7 апреля, 2026

Алматыда 13 жасар қызды әкесінің досы зорлаған: балалар омбудсмені не дейді

26 февраля, 2026

Астана әуежайындағы ұшу-қону жолағы жабылады: Air Astana рейстеріне өзгеріс енгізіледі

26 февраля, 2026

Алматыда 8 келі метамфетамин тәркіленіп, күдікті қамауға алынды

26 февраля, 2026

Алматыдағы даулы оқиғадан кейін курьерлерге қойылатын талап күшейеді

26 февраля, 2026

Бүгін республика жолдарындағы ахуал қандай

26 февраля, 2026

Куба жағалауында атыс болды: қаза тапқандар мен жараланғандар бар

26 февраля, 2026

Астанада оқушылар онлайн оқитын болады

26 февраля, 2026

–40 градусқа дейін аяз: Қазақстанда күн күрт суытады

26 февраля, 2026

Атырауда трансгендерлерге қатысты резонанс тудырған оқиға: мән-жайы айтылды

25 февраля, 2026
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.