Астана. 30 желтоқсан. BM.KZ – Түркістан облысында полиция ұрлықтың бетін ашты. Тәртіп сақшылары енесінің алтындарын ұрлап, ломбардқа өткізген келіннің қылмысын әшкерелеген. Бұл туралы Otyrar.kz басылымы хабарлады.
Тұрғын үйінен алтын зергерлік бұйымдар мен ақшаның жоғалғанын полицияға хабарлаған.
«Кінәліні табу қиынға соққан жоқ, ұры алыстан келмепті, сол үйдің келіні болып шықты.
Тергеушілер оның мамыр айынан бастап үйден зергерлік бұйымдар мен ақшаны жасырын түрде алып, алтынды ломбардқа кепілге қойып, түскен қаражатты құмар ойындарға жұмсағанын анықтады. Жалпы шығын 8,5 миллион теңгені құрады.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр», — делінген хабарламада.
