Астана. 30 желтоқсан. BM.KZ – Ішкі істер министрлігі ауа райына байланысты азаматтарға үндеу жасады, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Қауіпсіздік үшін:
- аса қажеттілік болмаса, үйден шықпауды;
- алыс сапарларды кейінге қалдыруды;
- жүргізушілерден жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды;
- қауіпсіз жылдамдықты таңдап, маневрлерден аулақ болуды; көлік құралдары арасындағы арақашықтықты сақтауды сұраймыз.
— Қолайсыз ауа райы жолдарда және қоғамдық орындарда қауіп-қатерді арттырады. Біз азаматтарды жауапкершілік танытып, қауіпсіздік шараларын сақтауға және төтенше қызметтердің ресми хабарламаларын қадағалап отыруға шақырамыз, — деп атап өтті ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Актоты Боранова.
