• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Атыраудағы жоғалған отбасы ісі: күйеу баласы күдікке ілінді

Атыраудағы жоғалған отбасы ісі: күйеу баласы күдікке ілінді

8 января, 2026 Басты тақырып
Фото: Ақ Жайық

Астана. 8 қаңтар. BM.KZ — Марқұмдардың денесі табылғаннан кейін тергеу басты назарды олардың күйеу баласына аударды. Отбасының тағы екі мүшесін іздеу жалғасуда. Бұл іске қатысты ресми органдар әзірге ешқандай түсініктеме берген жоқ, деп хабарлайды АқЖайық.

Атырау облысында Жангелдин ауылындағы ерлі-зайыптының өлімі және отбасының тағы екі мүшесінің жоғалып кетуі бойынша тергеу жалғасуда. Мирамгүл мен Наурызды іздеу әлі жүріп жатыр. Марқұмдардың денесі табылғаннан кейін олардың мүмкіндігі шектеулі балалары да қаза тапқан болуы ықтимал деген болжам күшейді. „Ақ Жайық“ бұл істің соңғы деректерін жинақтаған еді.

Тергеу болжамына сәйкес, күдікті ерлі-зайыптыны өлтіріп, қылмыстың ізін жасырмақ болған. Марқұмдардың денесі қорадан табылды. Дереккөздердің айтуынша, ол жерде шамамен бір жарым метр тереңдікте шұңқыр қазылып, денелер соған көмілген. Кейін үстіне топырақ төгіліп, линолеум жабылған, үстіне диван қойылып, бөлме құлыпталған.

Әзірге күдіктінің жалғыз әрекет еткен-етпегені анықталған жоқ. Ауыл тұрғындарының айтуынша, денелер қанға малынған, жанында заттар салынған қаптар болған. Бұл олардың зорлықпен өлтірілгенін, мүмкін пышақ қолданылғанын көрсетеді.

– Бізге ерлі-зайыптының денесі табылғанын хабарлады. Мұны бүкіл ауыл біледі. Қалай өлтірілгенін әзірге білмейміз — тергеу жүріп жатыр. Бүкіл ауыл болып іздедік. Олар қарапайым отбасы еді, ешкіммен жанжалдаспайтын. Қой мен сиыр ұстайтын, – деді ауыл әкімі Қанат Ғайса.

Енді сот-медициналық сарапшылар нақты өлім себебін, қашан болғанын және қандай қару қолданылғанын анықтауы тиіс.

Бұл істегі басты күдікті – марқұмдардың күйеу баласы, 29 жастағы Сұлтан Сарсемалиев. Дереккөздердің айтуынша, тергеу барысында оның анасынан да жауап алынған. Алайда ол баласы мен келінінің қайда екенін ашып айтпаған.

Одан басқа, марқұмдардың үлкен қызы әрі күдіктінің жары Ақбаян да із-түзсіз жоғалған.

– Бұл отбасы өте діндар, тұйық өмір сүретін. Олар ешкіммен араласпайтын, үйден сирек шығатын. Бес баланың анасын тіпті туыстары да көрмеген, бұл күдік туғызды. Ерлі-зайыптылардың екеуі де ресми түрде жұмыс істемеген, – дейді отбасыны жақсы білетін құқық қорғау саласының қызметкері. – Ақбаян да сыртқы ортадан толық оқшауланған, ешкіммен байланыс жасамаған, достары болмаған. Мұндай жағдай белгілі болса да, алдын алу шаралары жасалмаған.

Сұлтанның анасы баласы хабарласады дейді, бірақ телефон қоңырауларына жауап бермейді. Дереккөздер мен әлеуметтік желілердегі ақпаратқа қарағанда, Сұлтан Балида болуы мүмкін және жоғалған әйелдердің бірінің банк картасын пайдаланғаны айтылуда.

Марқұм Мақсот Қарабалиннің қарындасы Әсила Мұханғалиева Сұлтанның ұзақ уақыт бойы жұбайының қайда екенін жасырып келгенін мәлімдеді.

– Сұлтан бізге Ақбаянды ешқашан көрсеткен жоқ, үнемі бір себеп тауып, „жағдайы жақсы“ дейтін. Кейін олардың қараша айында жоғалғаны белгілі болды. Ал Сұлтанның анасы полицияға хабар бермей, бес баланы өзінде қалдырған. Бұл оқиғада күмәнді жайттар өте көп, – дейді ол.

Құқық қорғау органдарындағы дереккөздер күдіктінің Индонезияда болуы мүмкін екенін растайды. Ол елден кетуге әрекет етуі ықтимал, себебі оқиғаның жалпы көрінісі біртіндеп айқындала бастады.

Мұның алдында әлеуметтік желілерде Мирамгүлдің денесі Геолог ықшамауданындағы септиктен табылды деген ақпарат тарады. Бірақ бұл дерек расталмады. Полиция сол жерде тексеріс жүргізіп, тергеуге қажет бірқатар заттарды тәркіледі.

Ал Наурыздың телефоны Өзбекстан аумағында сигнал бергені анықталды. Бар мәліметке қарағанда, кейінгі бағыт Малайзия арқылы Индонезияға жалғасқан болуы мүмкін.

Тергеу жалғасуда. Ресми органдар әзірге толық түсініктеме бермей отыр.

адам өлімі атырау Жоғалған адам

Оқылып жатыр

ҰБТ: үш апта ішінде 283 заңбұзушылық анықталды

АҚШ Сенаты алғаш рет Иранмен соғысты тоқтату туралы қарарды қолдады

Құрбан айт: ҚМДБ еліміз бойынша айт намазының кестесін жариялады

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024849 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024676 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024549 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024473 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024452 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024439 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024334 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024330 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

ҰБТ: үш апта ішінде 283 заңбұзушылық анықталды

Басты тақырып 2 июня, 2026

Астана. BM.KZ. 2 маусым — Бүгінгі күнге дейін өзге адамның орнына тест тапсыру дерегі анықталған…

АҚШ Сенаты алғаш рет Иранмен соғысты тоқтату туралы қарарды қолдады

20 мая, 2026

Құрбан айт: ҚМДБ еліміз бойынша айт намазының кестесін жариялады

19 мая, 2026

Қазақстандықтар шетелде тұрса да зейнетақы алуға құқылы – Конституциялық Сот

19 мая, 2026

Алтын Орданың тікелей мұрагеріміз — Мемлекет басшысы

19 мая, 2026

Лондон, Париж, Рим, Вена: елордадан Еуропа елдеріне тікелей әуе рейстері ашылады

19 мая, 2026

Бүгін Қазақстан мегаполистерінің бірінде қатты нөсер жауады

19 мая, 2026

Сан-Диего мешітіндегі атыс: үш тұрғын мен екі күдікті мерт болды

19 мая, 2026

Алдағы күндері күн күрт суытады

18 мая, 2026

Александр Бублик әлемдік рейтингіде үздік көрсеткішін қайталады

18 мая, 2026

Сұлтан Сарсемалиев істі алқа билерге беруден бас тартты

18 мая, 2026

Оқу-ағарту вице-министрі тағайындалды

18 мая, 2026

Қазақстандағы көмір қоры 300 жылдан астам уақытқа жетеді

18 мая, 2026

Жания Бекмұхамбетова Ташкенттегі турнирде алтын медаль жеңіп алды

15 мая, 2026

КТК маусым айында мұнай экспортын қысқартады

15 мая, 2026

ШҚО-да балалар стоматологиялық емханасы жұмыскерлерінің еңбекақысын төлемеген

15 мая, 2026

Қазақстан мен Түркия мәңгілік достық туралы декларацияға қол қойды

14 мая, 2026

Елдегі қай автожолдардың сапасы сын көтермейді?

14 мая, 2026

Салтанат Нүкенованың өлімі: кассациялық сот Байжановтың жазасын өзгеріссіз қалдырды

14 мая, 2026

Ақтауда полиция қызметкері көлігімен бір жарым жасар баланы қағып кетті

14 мая, 2026
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.