Астана. 9 қаңтар. BM.KZ — Венесуэла билігі «көптеген венесуэлалық және шетелдік азаматты» түрмеден босатады. Бұл туралы бейсенбі күні Венесуэла Ұлттық ассамблеясының (парламент) төрағасы Хорхе Родригес хабарлады, деп жазады Синьхуа.
Родригестің сөзінше, үкіметтің бұндай шарасы елдегі бейбітшілікті қамтамасыз етуге және адамдардың саяси, діни, экономикалық немесе әлеуметтік айырмашылықтарына қарамастан бейбіт өмір сүруін қолдауға деген ниетін көрсетеді.
— Босату процестері дәл қазір жүріп жатыр. Мұны Боливариан үкіметінің елде бейбітшілікті орнатуға деген ниетін білдіретін қадам деп қараңыздар, — деді Хорхе Родригес.
