• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Атыраудағы жоғалған отбасы: ерлі-зайыптының денесінен пышақ іздері анықталды

Атыраудағы жоғалған отбасы: ерлі-зайыптының денесінен пышақ іздері анықталды

13 января, 2026 Жаңалықтар
Фото: Pixabay

Астана. 13 қаңтар. BM.KZ — Атырау облысы Қызылқоға ауданы Жангелдин ауылында ерлі-зайыптыларды өлтірді деген күдікке ілінген марқұмдардың күйеубаласы Сұлтан Сарсемалиев халықаралық іздеуде.

Полиция оның әйелі, жәбірленуші отбасының қызы Ақбаян Мұқанғалиеваны да із-түзсіз жоғалу дерегі бойынша іздеп жатыр.

— Халықаралық іздеудің бағыттарын айтуға болмайды. Себебі, күдіктілерге қандай да бір ақпарат жететін болса, тергеу барысына кедергі келуі мүмкін. Халықаралық іздестіру әлемнің барлық елінде жүргізілетінін қаперлеріңізге береміз, — деді Атырау облыстық ПД баспасөз хатшысы Мейірім Ердаулет.

Қылмыскерлерді ұстауға бағытталған топтар бар. Олар ұсталған жағдайда жәбірленушілердің туыстарына және БАҚ-қа хабарланады.

— Жәбірленушілердің телефондары мен SIM карталарының Қазақстанның әр жерінде қосылғандығы туралы ақпарат бар. Полиция олар бойынша іздестіру жұмысын жүргізді. Халық арасында Мейрамгүл Қарабалинаның денесі табылғаны жөнінде ақпарат тарады. Септиктерден де, шұңқырлардан да табылды деген мәлімет болды. Мұның барлығы — жалған. Полиция қазіргі уақытта олардың қала аумағында соңғы бірнеше айда жүрген жерлерін тінтіп, іздеп жатыр, — деді Атырау облыстық ПД баспасөз хатшысы.

Полиция департаменті Мейрамгүл Қарабалинаның Атырау қаласының ішіндегі камераларға түсіп қалғанын растады. Алайда тергеу мүддесіне байланысты қай камераларға түскенін және қандай іс-әрекеттер болғанын жарияламады.

— Әлеуметтік желіде ерлі-зайыптылардың тұншықтырған немесе денелеріне басқаша зақым келтірген деген сынды неше түрлі ақпарат тарады. Марқұмдардың денелерінде пышақ іздері бар. Шаншып тығу арқылы дене жарақаты болған. Полиция мүрделерді сот-медициналық сараптамасына өткізді, енді сарапшылардың нақты жауабы келу қажет. Олар жәбірленушілерге нақты қандай дене жарақаты салынды, өлімге қандай факторлар әсер еткенін, және қай уақытта өлтірілгені туралы қорытынды жасайды, — деді Мейірім Ердаулет.

ПД ресми өкілінің мәліметіне сүйенсек, бейнекамераларды қарау және ПД күштік құрылымдардың іс-әрекетінің нәтижесінде жәбірленушілердің шоттарындағы зейнетақының қай жерде кімнің шығарып алғаны анықталған.

Соңғы мәлімет бойынша, 6 қаңтардан бері Наурыз Мұқанғалиевтің телефоны өшірілуі. Бүгінде жәбірленушілердің телефондары мен SIM карталары іздестіріліп жатыр.

Еске салсақ, Жангелдин ауылында тұратын отбасы 2025 жылдың соңына белгісіз жағдайда жоғалып кеткен еді.

6 қаңтарда Атырау облысы аумағынан жоғалған отбасының екі мүшесінің — отағасы Мақсот Қарабалин мен оның жұбайы Нәсіп Өтешқалиеваның денесі сарайдан табылды.

Аймақ Атырау облысы жалған хабарлама Оқиға өлім-жітім полиция

Оқылып жатыр

ҰБТ: үш апта ішінде 283 заңбұзушылық анықталды

АҚШ Сенаты алғаш рет Иранмен соғысты тоқтату туралы қарарды қолдады

Құрбан айт: ҚМДБ еліміз бойынша айт намазының кестесін жариялады

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024849 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024676 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024549 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024473 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024452 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024439 рет оқылды

Семейдің қақ ортасында жүк көлігі шұңқырға түсіп кетті

15 сентября, 2025347 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024334 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024330 рет оқылды
Новости

ҰБТ: үш апта ішінде 283 заңбұзушылық анықталды

Басты тақырып 2 июня, 2026

Астана. BM.KZ. 2 маусым — Бүгінгі күнге дейін өзге адамның орнына тест тапсыру дерегі анықталған…

АҚШ Сенаты алғаш рет Иранмен соғысты тоқтату туралы қарарды қолдады

20 мая, 2026

Құрбан айт: ҚМДБ еліміз бойынша айт намазының кестесін жариялады

19 мая, 2026

Қазақстандықтар шетелде тұрса да зейнетақы алуға құқылы – Конституциялық Сот

19 мая, 2026

Алтын Орданың тікелей мұрагеріміз — Мемлекет басшысы

19 мая, 2026

Лондон, Париж, Рим, Вена: елордадан Еуропа елдеріне тікелей әуе рейстері ашылады

19 мая, 2026

Бүгін Қазақстан мегаполистерінің бірінде қатты нөсер жауады

19 мая, 2026

Сан-Диего мешітіндегі атыс: үш тұрғын мен екі күдікті мерт болды

19 мая, 2026

Алдағы күндері күн күрт суытады

18 мая, 2026

Александр Бублик әлемдік рейтингіде үздік көрсеткішін қайталады

18 мая, 2026

Сұлтан Сарсемалиев істі алқа билерге беруден бас тартты

18 мая, 2026

Оқу-ағарту вице-министрі тағайындалды

18 мая, 2026

Қазақстандағы көмір қоры 300 жылдан астам уақытқа жетеді

18 мая, 2026

Жания Бекмұхамбетова Ташкенттегі турнирде алтын медаль жеңіп алды

15 мая, 2026

КТК маусым айында мұнай экспортын қысқартады

15 мая, 2026

ШҚО-да балалар стоматологиялық емханасы жұмыскерлерінің еңбекақысын төлемеген

15 мая, 2026

Қазақстан мен Түркия мәңгілік достық туралы декларацияға қол қойды

14 мая, 2026

Елдегі қай автожолдардың сапасы сын көтермейді?

14 мая, 2026

Салтанат Нүкенованың өлімі: кассациялық сот Байжановтың жазасын өзгеріссіз қалдырды

14 мая, 2026

Ақтауда полиция қызметкері көлігімен бір жарым жасар баланы қағып кетті

14 мая, 2026
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.