Астана. 27 қаңтар. BM.KZ – Светлана Жақыпова Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі лауазымынан кетті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
– Мемлекет басшысының Жарлығымен Светлана Қабыкенқызы Жақыпова Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі лауазымынан босатылды, — делінген хабарламада.
