Астана. 27 қаңтар. BM.KZ – Иран аумағы үстіндегі ұшу қауіпсіздігіне төнетін қатерлердің күшеюіне байланысты Қазақстанның авиациялық әкімшілігі (ҚАӘ) қазақстандық әуе компанияларына Иранның әуе кеңістігі арқылы, оның ішінде үстімен және оған іргелес аймақтарда ұшуларды ерекше өкімге дейін орындауға тыйым салды.
— Иран аумағы үстіндегі ұшу қауіпсіздігіне төнетін қатерлердің күшеюіне байланысты Азаматтық авиация комитеті, ҚАӘ қазақстандық әуе компанияларына Иранның әуе кеңістігі арқылы, оның ішінде үстімен және оған іргелес аймақтарда ұшуларды ерекше өкімге дейін орындауға тыйым салды. Барлық рейстер қауіпті аймақты айналып өту арқылы жүзеге асырылып жатыр, — делінген хабарламада.
Сонымен қатар ведомство мәліметінше, жағдай ҚАӘ-нің тұрақты бақылауында, қатер деңгейінің өзгеруіне қарай қосымша шаралар қабылданатын болады.
