Астана. 29 қаңтар. BM.KZ – Сарайшық көшесіндегі кезекті ірі жол апаты екі адамның өмірін қиды. Бұл туралы полиция департаменті мәлімдеді.
– «Toyota» көлігінің жүргізушісі Сарайшық көшесімен Түркістан көшесінен келе жатып, көпір үстінде рульге ие бола алмай қалған. Соның салдарынан ол қарсы бетке шығып кетіп, өз жолымен келе жатқан «Lada» және «Skoda» көліктерімен соқтығысқан, – делінген ресми хабарламада.
Апат салдарынан екі адам оқиға орнында көз жұмды. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.
