Астана. 29 қаңтар. BM.KZ – Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 14-ракеткасы Анна Данилина Аустралия ашық чемпионатының финалына шықты.
Бірінші партияда есеп 3:2 болған кезде қазақстандық-сербиялық дуэт брейк жасады – 4:2.
Дегенмен есеп 5:3 болып, Крунич сетке доп бергенде, Дабровски – Стефани қайыра брейк жасап кетті. Сөйте тұра тай-брейкте Данилина – Крунич сәтті ойнады – 7:6 (7:2).
Екінші сетте есеп 4:3 болған уақытта, бразилиялық-канадалық жұп брейкке қол жеткізді – 6:3.
Үшінші, шешуші партияны Дабровски – Стефани брейкпен бастады – 2:0. Крунич пен Данилина ойынды брейкпен түйіндеді – 6:4.
Бәсеке екі сағат 20 минутқа созылды. Анна – Александра 3 эйспен бірге 11 брейк-пойнттың жетеуін пайдаланды. Дабровски – Стефани 4 эйс, 7 брейкпен (14 брейк-пойнт) көзге түсті.
Осылайша, қазақстандық теннисші спорттық жолында екінші рет финалға жолдама алды.
