Астана. 30 қаңтар. BM.KZ – Екібастұздағы «Богатырь Көмір» ЖШС-нің слесарі суару қондырғысына дизель отынын құю барысында ауыр жарақат алған. 1982 жылғы азамат ауруханада көз жұмғаны анықталды, деп хабарлайды Kazinform.
Кәсіпорында болған қайғылы оқиға туралы Еңбек инспекциясы комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментінің өкілдері хабарлады.
— Қайғылы жағдай 28 қаңтар күні «Молодежная» стансасында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, суару қондырғысына дизель отынын құю жұмыстарын орындау кезінде жазатайым оқиға болып, «Богатырь Көмір» ЖШС-ның жұмысшысы жарақат алған. Зардап шеккен азамат Екібастұз қалалық ауруханасына жеткізіліп, кейін қайтыс болған, — деп хабарлады Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Абылай Сабыров.
1982 жылы туған азамат кәсіпорында слесарь болып жұмыс істеген. Қазіргі уақытта департамент қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтау бойынша тергеу іс-шараларын жүргізіп жатыр.
