Астана. 1 ақпан. BM.KZ – «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы елдегі жолдардың қазіргі ахуалы туралы хабарлады.
Ұлттық компанияның мәліметінше, 2026 жылғы 1 ақпан сағат 08:00-дегі жағдай бойынша, қолайсыз ауа райына байланысты Маңғыстау облысында республикалық маңызы бар «Доссор – Құлсары – Бейнеу – Сай-Өтес – Шетпе – Жетібай – Ақтау» автожолының 632-718-шақырым аралығында (Шетпе ауылы – Жетібай ауылы учаскесі) көліктің барлық түрі үшін қозғалыс шектелді.
Жол шамамен 2026 жылғы 1 ақпан сағат 11:00-де ашылады.
Сондай-ақ «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолындағы көпір өткелінің шеткі арқалықтары зақымдануына байланысты «Қалқаман» жол айрығы учаскесі – Қалқаман ауылына кіреберіс және Астана бағытына шығатын жол жабылды.
