Астана. 2 ақпан. BM.KZ — Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында медициналық мекемеде пышақ жарақатынан 44 жастағы ер адам көз жұмды. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, қайғылы жағдай тұрмыстық жанжал салдарынан болған, деп хабарлайды Kazinform.
— Алдын ала мәлімет бойынша, жанжал алкоголь ішу барысында болған. Аталған дерек бойынша «Кісі өлтіру» бабымен қылмыстық іс қозғалды. Күдікті жедел түрде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық және объективті анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, — делінген хабарламада.
