Астана. 3 ақпан. BM.KZ — Қарағанды облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы қадағалау қызметі барысында пайдалы қазбаларды заңсыз өндіру фактілерін анықтады.
Осы фактілер бойынша Қарағанды облысының арнайы прокурорлары сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалын жүргізді.
Аудан кәсіпорындардың бірі төрт жыл бойы темір рудасын лицензиясыз заңсыз өндіріп, оны шетелге шығарғаны анықталды.
— Салдарынан мемлекетке 2 млрд теңгеден астам шығын келтірілген. Үш күдікті қамауға алынып, 500 млн теңгеден астам мүлікке тыйым салынды, — делінген Қарағанды облысының прокуратурасы хабарламасында.
Қылмыстық іс сотқа жіберілді.
