Астана. 3 ақпан. BM.KZ — 2 ақпанда Алматы қаласында ҰҚК Шымкент қаласы бойынша департаменті қалалық прокуратураның үйлестіруімен «Т» қылмыстық ортаның өкілін ұстады. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады.
Күдікті адамдарды бопсалап, қомақты қаражат алып отырған.
Ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Осы іс аясында қаңтарында Шымкент қаласында оның екі сыбайласының құқыққа қарсы әрекеті тоқтатылды.
Сотқа дейінгі тергеп-тергеу жүргізіліп жатыр.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
