Астана. 5 ақпан. BM.KZ – Ол Петропавлдағы дәмханалардың бірінде жұмыс істеген. Жігіт 14 қаңтарда жұмысынан шыққан күйі қайта оралмаған, деп хабарлайды Астана телеарнасы.
Полицияның мәліметінше, жігіт қаңтардың 14-і күні жұмысынан шығып, таксимен қалалық тубдиспансерге қарай бет алған. Кейін із-түзсіз жоғалған.
Оның байланысқа шықпай жүргені жайлы әпкесі екі апта өткен соң ғана хабарлаған. Тәртіп сақшылары бірден іздеу жариялап, денесін орман ішінен тапты. Мәйітте зорлық белгілері жоқ.
«Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Іздеу жұмыстарына полиция қызметкерлері, кинологтар, әскери қызметшілер, жедел құтқару мамандары, сондай-ақ Лидер кз еріктілер қозғалысының өкілдері жұмылдырылды», — дейді СҚО ПД Криминалды полиция басқармасы басшысының орынбасары Тілеміс Кәрімов.
