• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Жыл басынан бері елде шамамен 2 мың адам қызылшаға шалдықты

Жыл басынан бері елде шамамен 2 мың адам қызылшаға шалдықты

5 февраля, 2026 Басты тақырып
Фото: nmtmed.ru

Астана. 5 ақпан. BM.KZ – Вакцинацияланбаған балалардың шамамен 59%-ы ата-аналарының шешімі бойынша вакцинациялауды алмағаны ерекше алаңдаушылық тудырады.

Денсаулық сақтау министрлігінде ведомство басшысы Ақмарал Әлназарованың төрағалығымен әкімдердің орынбасарларының, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың денсаулық сақтау басқармаларының және аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменттері басшыларының қатысуымен қызылша бойынша эпидемиологиялық ахуал мәселелері жөніндегі республикалық штабтың отырысы өтті.

Штаб барысында қызылшамен сырқаттанушылық бойынша ағымдағы жағдай, алдын алуды күшейту және халықты вакцинациялаумен қамтуды арттыру бойынша қабылданып жатқан шаралар мен қосымша қадамдар қаралды.

Денсаулық сақтау министрлігі барлық қажетті профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шараларды іске асыруда. Сонымен қатар, жағдайды толық тұрақтандыруға әлі қол жеткізілген жоқ. Инфекцияның таралуының негізгі себебі әлі де вакцинациялаудан бас тарту болып табылады.

Денсаулық сақтау министрлігінің деректері бойынша өткен жылдың соңынан бастап елде қызылшамен сырқаттанушылықтың өсуі байқалады. Эпидемиологиялық талдау көрсеткендей пациенттердің көпшілігі вакцинацияланбаған азаматтар.

Сонымен, пациенттердің 79%-ы вакцинацияланбаған, тағы 8,4%-ы толық емес иммундау курсын алған, 10%-ның иммундық мәртебесі белгісіз. Вакцинацияланбаған балалардың шамамен 59%-ы ата-аналарының шешімі бойынша вакцинациялауды алмағаны ерекше алаңдаушылық тудырады.

Ағымдағы жылдың басынан бастап республикада қызылшаның 1 951 жағдайы тіркелді. Науқастардың ең көп саны: Астана қаласында — 581 жағдай, Жамбыл облысында — 339, Алматы қаласында — 317 және Алматы облысында — 146 жағдай тіркелді.

Қызылша ең жұқпалы вирустық аурулардың бірі болып қала береді. Вакцинациялау болмаған жағдайда ауру ауыр болуы және — пневмония, есту қабілетінің жоғалу қаупі бар отит, нера жүйесінің зақымдануы, соның ішінде энцефалит және сирек жағдайларда өлімге әкелетін ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін. Сонымен қатар, қызылшадан кейін адамның иммундық жүйесі ұзақ уақыт бойы әлсірейді.

Жас балалар, вакцинацияланбаған ересектер, жүкті әйелдер, сондай-ақ созылмалы аурулары бар және иммунитеті төмен адамдар үлкен қауіпке ұшырайды. Жүкті әйелдерде қызылша түсік тастауға, мерзімінен бұрын босануға және ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін.

Қызылшаның алдын алудың жалғыз сенімді әдісі — вакцинациялау. Вакцинациялау оңай, қолайсыз көріністерсіз, инфекциядан және оның ауыр зардаптарынан тиімді қорғайды.

Денсаулық сақтау министрлігі ата-аналарға балалардың егу мәртебесін тексеруді және Ұлттық профилактикалық егу күнтізбесіне сәйкес уақтылы вакцинациялауды ұсынады.

Вакцинациялау туралы толық ақпаратты EGU.KZ сайтынан және 7701 нөмірі бойынша алуға болады.

Денсаулық — әрбір азаматтың жауапкершілігі. Вакцинациялау жеке адамды ғана емес, жалпы қоғамды да қорғайды.

Вакцина Денсаулық сақтау министрлігі ДСМ Қызылша

Оқылып жатыр

ҰБТ: үш апта ішінде 283 заңбұзушылық анықталды

АҚШ Сенаты алғаш рет Иранмен соғысты тоқтату туралы қарарды қолдады

Құрбан айт: ҚМДБ еліміз бойынша айт намазының кестесін жариялады

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024848 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024676 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024548 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024473 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024452 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024439 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024334 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024330 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

ҰБТ: үш апта ішінде 283 заңбұзушылық анықталды

Басты тақырып 2 июня, 2026

Астана. BM.KZ. 2 маусым — Бүгінгі күнге дейін өзге адамның орнына тест тапсыру дерегі анықталған…

АҚШ Сенаты алғаш рет Иранмен соғысты тоқтату туралы қарарды қолдады

20 мая, 2026

Құрбан айт: ҚМДБ еліміз бойынша айт намазының кестесін жариялады

19 мая, 2026

Қазақстандықтар шетелде тұрса да зейнетақы алуға құқылы – Конституциялық Сот

19 мая, 2026

Алтын Орданың тікелей мұрагеріміз — Мемлекет басшысы

19 мая, 2026

Лондон, Париж, Рим, Вена: елордадан Еуропа елдеріне тікелей әуе рейстері ашылады

19 мая, 2026

Бүгін Қазақстан мегаполистерінің бірінде қатты нөсер жауады

19 мая, 2026

Сан-Диего мешітіндегі атыс: үш тұрғын мен екі күдікті мерт болды

19 мая, 2026

Алдағы күндері күн күрт суытады

18 мая, 2026

Александр Бублик әлемдік рейтингіде үздік көрсеткішін қайталады

18 мая, 2026

Сұлтан Сарсемалиев істі алқа билерге беруден бас тартты

18 мая, 2026

Оқу-ағарту вице-министрі тағайындалды

18 мая, 2026

Қазақстандағы көмір қоры 300 жылдан астам уақытқа жетеді

18 мая, 2026

Жания Бекмұхамбетова Ташкенттегі турнирде алтын медаль жеңіп алды

15 мая, 2026

КТК маусым айында мұнай экспортын қысқартады

15 мая, 2026

ШҚО-да балалар стоматологиялық емханасы жұмыскерлерінің еңбекақысын төлемеген

15 мая, 2026

Қазақстан мен Түркия мәңгілік достық туралы декларацияға қол қойды

14 мая, 2026

Елдегі қай автожолдардың сапасы сын көтермейді?

14 мая, 2026

Салтанат Нүкенованың өлімі: кассациялық сот Байжановтың жазасын өзгеріссіз қалдырды

14 мая, 2026

Ақтауда полиция қызметкері көлігімен бір жарым жасар баланы қағып кетті

14 мая, 2026
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.