Астана. 5 ақпан. BM.KZ – Ерлан Өтегенов бас прокурордың орынбасары лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
— Мемлекет басшысының өкімімен Ерлан Рақымжанұлы Өтегенов Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары лауазымына тағайындалды, — делінген хабарламада.