• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Жаңа генерация мен инвестициялар еліміздің энергетика жүйесіне өзгеріс әкелді

Жаңа генерация мен инвестициялар еліміздің энергетика жүйесіне өзгеріс әкелді

5 февраля, 2026 Ғылым
Фото: Үкімет

Астана. 5 ақпан. BM.KZ – Елімізде электр энергетикасының жүйелі дамуын қамтамасыз ету және инфрақұрылымдық сенімділіктің жаңа деңгейіне көшу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Қазіргі уақытта қабылданып жатқан шаралар белгіленген қуатты арттыруға, жаңа генерацияны жаңғырту және салу жөніндегі ауқымды жобаларды іске қосуға, сондай-ақ сенімділік пен энергетикалық қауіпсіздікті арттыратын тұрақты инвестициялық тетікті қалыптастыруға бағытталған.

Энергетика министрлігінің мәліметінше, 2027 жылдың бірінші тоқсаны соңына қарай ел электр энергиясына деген ішкі қажеттілікті толығымен жабады, ал 2029 жылға қарай тұрақты профицитке қол жеткізеді.

Энергетика жүйесінің қазіргі көрінісі

Жаңадан іске қосылған нысандарды ескере отырып, Қазақстанның энергожүйесі қазіргі уақытта 241 энергия көзін қамтиды, оның 162-сі – жаңартылатын энергия көздері.

ҚР энергетика министрі Ерлан Ақкенженовтің айтуынша, жүзеге асырылып жатқан жобалар экономиканың электр энергиясына деген қажеттілігін ортамерзімді перспективада қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

«Министрлік қазірдің өзінде 2027 жылға қарай экономиканың электр энергиясына деген қажеттілігін толық өтеуге мүмкіндік беретін бірқатар ірі жобаны жүзеге асыруда. 2029 жылға қарай тұрақты профицитке шығу жоспарланып отыр. Президенттің тапсырмасы бойынша қазіргі уақытта көмір генерациясын дамыту жобасы әзірленіп жатыр, басымдық таза көмір технологияларына берілуде. Жоспарда Курчатов қаласында жаңа станса мен Екібастұзда МАЭС-3 құрылысын салу қарастырылған. Сонымен қатар қолданыстағы инфрақұрылымдар ретке келтірілуде. Сондай-ақ 2026 жылы 2,6 мың МВт-тан астам жаңа қуат іске қосылады деп күтілуде. Барлық жұмыс бір мақсатқа, еліміздің бүкіл энергожүйесінің сенімділігін, тиімділігін және тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған», — деп атап өтті ҚР энергетика министрі Ерлан Ақкенженов.

2025 жылдың қорытындысы бойынша жалпы белгіленген қуат 26,7 ГВт-қа жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 1,4 ГВт-қа өсті.

Генерацияның негізгі көлемін дәстүрлі қуат көздері құрайды.

Қолданыстағы генерация құрылымында көмір электр стансалары 13,8 ГВт-ты, газбен жұмыс істейтін стансалар – 6,8 ГВт; ірі гидроэлектростансалары – 2,5 ГВт; ЖЭК үлесі 3,6 ГВт-ты құрайды.

Мұндай теңгерім бір мезгілде энергия жүйесінің тұрақтылығын және энергия теңгерімін кезең-кезеңімен әртараптандыруға мүмкіндік береді.

2035 жылға дейінгі жоспар: 26 ГВт-тан астам жаңа генерация

26 ГВт-тан астам жаңа өндіруші қуаттарды іске қосуды көздейтін энергетика саласын дамытудың 2035 жылға дейінгі жоспары аясындағы жұмыс белсенді түрде жалғасып жатыр.

Өсу бірқатар бағыт есебінен қамтамасыз етіледі:

• 5 ГВт – қолданыстағы стансаларды жаңарту және кеңейту;

• 10,5 ГВт – жаңа дәстүрлі генерация салу;

• 8,4 ГВт – ЖЭК жобалары;

• 2,4 ГВт – атом электр стансасы.

Қолданыстағы қуат көзедрін жаңарту және жаңа объектілерді құру арасындағы мұндай теңгерім Президент қойған міндетті шешуге мүмкіндік береді – экономиканың өсу қарқынын жеделдете отырып, сенімді энергиямен қамтамасыз ету.

Маневрлық генерация – негізгі басымдық

Саланы дамытудың орталық бағыттарының бірі – маневрлік генерацияны арттыру. Жаңа қуаттардың шамамен 31,4%-ы жүктемені реттеу мен энергия жүйесінің икемділігін қамтамасыз ететін сегменттен келеді. Оның құрылымында гидроэлектростанциялар – 1,17 ГВт, бу-газ қондырғылары — 5,6 ГВт және Екібастұз МАЭС-3 бар, соңғысының 2,64 ГВт қуатының 1,5 ГВт-ы маневрлік функцияларды орындайды.

Жүзеге асырудың соңғы сатысында Қызылорда облысындағы 240 МВт-тық, Түркістан облысындағы 1 мың МВт-тық бу-газ қондырғылары (БГҚ) құрылысының жобалары, сондай-ақ Алматы қаласындағы жалпы қуаты 1101 МВт болатын ЖЭО-ны газға ауыстыру бойынша жобалар тұр. Алдағы үш жылда жаңа қуат көздерін енгізу негізінен реттеу қуатының тапшылығын жабуға бағытталатын болады.

ЖЭК және энергияны жинау жүйелері

Жаңартылатын энергетиканы дамыту энергияны жинақтау жүйелерін енгізумен қатар жүреді.

ЖЭК жөніндегі ірі жобалар шеңберінде жалпы сыйымдылығы сағатына 3 ГВт-тан асатын жинақтағыштарды енгізу көзделген, бұл сұраныс төмен сағаттарда артық энергияны жинақтауға және оны бірыңғай энергетикалық жүйенің тұрақтылығын арттыра отырып, ең жоғары жүктемелер кезеңінде пайдалануға мүмкіндік береді.

Инвестициялар: жоспардан жүзеге асыруға көшу

Бүгінгі таңда жүзеге асырудың белсенді кезеңінде жалпы сомасы 13,1 трлн теңгеге жалпы қуаты 15,3 ГВт болатын 81 жоба тұр, оның ішінде:

• Қуаты 10,2 ГВт болатын 30 дәстүрлі генерациялау жобасы;

• Қуаты 5,1 ГВт болатын 51 ЖЭК жобасы бар.

2024 жылы Энергетика министрлігі мен энергия өндіруші ұйымдар арасында жалпы қуаттылығы шамамен 2 ГВт болатын 14 инвестициялық келісім, ал 2025 жылы қуаттылығы 775,9 МВт болатын тағы 2 келісім жасалды. Бұл – инвестициялық циклды қайта бастаудың және саланың экономикалық тартымдылығын қалпына келтірудің нәтижесі.

Аукциондық механизмдер және жаңа БГҚ-лар

Маневрлік генерацияны іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттық шеңберінде Түркістан, Қызылорда облыстарында, Ұлытау облысында және Алматы қаласында жиынтық қуаты шамамен 1,8 ГВт болатын бу-газ қондырғыларының 4 жобасы жүзеге асырылып жатыр.

Бұдан басқа, 2024 жылғы тамызда өткен кезекті аукциондардың қорытындысы бойынша Жамбыл, Ақтөбе және Атырау облыстарында жалпы қуаттылығы 700 МВт болатын БГҚ жобалары айқындалды, аяқталу мерзімі – 2028 жылы. 2025 жылдың желтоқсанында Астанада қуаты 500 МВт бу-газ қондырғыларының құрылысына сауда-саттық өткізілді.

Одан өзге, биыл маңызды экологиялық жоба – Алматы ЖЭО-2 мен ЖЭО-3-ті газға көшіру аяқталады.

Көмір генерациясы және стратегиялық шешімдер

Президенттің тапсырмасы бойынша «таза көмір» технологияларын қолдана отырып, көмір генерациясын дамыту бойынша жеке жоба әзірленуде. Жоспарға жалпы қуаты 7,6 ГВт болатын жобалар кіреді.

Энергетикалық көмірдің расталған қоры 33,6 млрд тоннаны құрайды, бұл көмір өндірісін энергия балансының ұзақмерзімді элементі ретінде қарастыруға мүмкіндік береді.

2025 жылдың соңы мен осы жылдың басында тендерлер өткізілді, бұл сала үшін тарихи кезең болды.

Қуаты 2 640 МВт болатын Екібастұз МАЭС-3 құрылысы бойынша жеңімпаз анықталды (2029-2032 жылдары пайдалануға беріледі).

Курчатовта көмір стансасын салуға келісім жасалды (700 МВт). Көкшетау, Семей және Өскеменде ЖЭО жобалары жүзеге асырылып жатыр.

2026 жылы 9 энергоблокты, 55 қазандықты және 51 турбинаны күрделі жөндеу жоспарланған, бұл ел бойынша ЖЭО тозуын 61%-дан 59%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік береді.

 Қуат көздерін кезең-кезеңмен енгізу және профицитке шығу

2024 жылы 771 МВт, 2025 жылы 669 МВт жаңа қуаттар іске қосылды. 2026 жылы шамамен 2,6 ГВт, 2027 жылы шамамен 1 ГВт іске қосу жоспарда бар.

Энергетика министрлігінің мәліметінше, бұл 2027 жылдың бірінші тоқсанының соңына қарай экономиканың электр энергиясына деген қажеттілігін толығымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

2028 жылы 3,9 ГВт, ал 2029 жылы шамамен 5,7 ГВт іске қосылады деп күтілуде. Бұл экспорттық әлеуеттің өсуіне жағдай жасай отырып, электр энергиясының ғана емес, реттеу қуатының да профицитін қамтамасыз етеді.

Реформалар экономикасы және энергетикалық негіз

Саланы дамыту үшін маңызды фактор «Тарифті инвестицияға айырбастау»  жаңартылған бағдарламасы болды, оның шеңберінде инвестицияларды қайтарудың жылдық лимиті 32 млрд теңгеден 428 млрд теңгеге дейін ұлғайтылды. Бүгінгі таңда 25 инвестициялық келісім жасалды.

Айта кету керек, «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасын іске қосу кезеңінде жеке компаниялар дивидендтер төлемеген. Барлық қаражат станциялардың қолданыстағы жабдықтарын реконструкциялауға және жаңартуға қайта инвестицияланды.

Қазақстанның Ұлттық электр желісінің сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында елдің энергетикалық негізін нығайту бойынша жұмыстар белсенді жүргізіліп жатыр.

Сонымен қатар стратегиялық желілік жобалар жүзеге асырылып жатыр:

  • Оңтүстік аймақтың электр желілерін күшейту;
  • Батыс Қазақстан энергожүйесін Бірыңғай ұлттық энергожүйемен біріктіру. Жұмыстар 2027 жылдың екінші жартыжылдығында аяқталуы жоспарланған кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр.

Келешегі зор жобалардың бірі Баку қаласында өткен СОР 29 конференциясының алаңында үш елдің (Қазақстан, Әзербайжан, Өзбекстан) Мемлекет басшылары қол қойған «Каспий теңізінің түбі арқылы өтетін жасыл энергетикалық дәліз» болып саналады. Бүгінгі таңда барлық үш жүйелік оператордың қатысуымен бірлескен кәсіпорын құрылды, жұмыс жалғасып жатыр.

Осылайша, Президенттің электр энергетикасын дамыту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру елдің тұрақты және теңгерімді энергетикалық контурын қалыптастырады. Жаңа қуаттарды кезең-кезеңімен іске қосу, қолданыстағы генерацияны жаңғырту және инвестициялық тетіктерді іске қосу тапшылық тәуекелдерін жойып қана қоймай, экономиканың серпінді дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

АЭС Үкімет энергетика

Оқылып жатыр

Алматы және Жетісу облыстарында жер сілкінді

Түркістан облысында заңсыз алтын өндірген топ ұсталды

Трампқа екі мәрте қастандық жасағанқылмыскер өмір бойына сотталды

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024844 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024676 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024548 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024471 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024451 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024437 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024334 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024328 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

Алматы және Жетісу облыстарында жер сілкінді

Басты тақырып 5 февраля, 2026

Астана. 5 ақпан. BM.KZ – ТЖМ «Сейсмологиялык зерттеу институты» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 5 ақпанда…

Түркістан облысында заңсыз алтын өндірген топ ұсталды

5 февраля, 2026

Жаңа генерация мен инвестициялар еліміздің энергетика жүйесіне өзгеріс әкелді

5 февраля, 2026

Трампқа екі мәрте қастандық жасағанқылмыскер өмір бойына сотталды

5 февраля, 2026

Бас прокурордың орынбасары тағайындалды

5 февраля, 2026

Жыл басынан бері елде шамамен 2 мың адам қызылшаға шалдықты

5 февраля, 2026

Петропавлда жоғалып кеткен 18 жастағы жігіттің денесі орманнан табылды

5 февраля, 2026

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Пәкістанның ең жоғары мемлекеттік наградасы табысталды

5 февраля, 2026

ШҚО-да бір ауыл ішімдіктен толық бас тартты

4 февраля, 2026

Абу-Дабиде Украина, Ресей және АҚШ келіссөзінің жаңа раунды басталды

4 февраля, 2026

Қазақстанда 4 мыңға жуық заңсыз қоқыс орны анықталды

4 февраля, 2026

Илон Масктың байлығы 800 миллиард доллардан асты

4 февраля, 2026

Қазақстан вокзалдарында жаңа қызмет іске қосылды

4 февраля, 2026

Марганец кенін заңсыз өндірген кәсіпкер 5 жылдан аса мерзімге сотталды

4 февраля, 2026

Германия мен Қазақстан азаматтығы бар бір отбасының бес адамы Астана әуежайында ұсталды

4 февраля, 2026

Әкелердің бала күтіміне байланысты демалысы зейнетақы тағайындау кезінде еңбек өтіліне есептеледі

4 февраля, 2026

Қазақстанда прогрессивті агроэкономикаға көшу басталды

4 февраля, 2026

Түркістан облысында ер адам пойыз астына түсіп, қаза тапты

4 февраля, 2026

Каддафидің ұлы Сейф әл-Исламды өз үйінде атып кеткен

4 февраля, 2026

Қазақстанда жеке детективтер лицензия бойынша жұмыс істейтін болады

4 февраля, 2026
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.