Астана. 10 ақпан. BM.KZ — Шымкентте интернет арқылы алаяқтық жасаған күдікті ұсталды. Тергеу барысында ол тұрғындардың сенімін пайдаланып, «жоқ» пәтерлерді жалға беріп, ақша тапқаны белгілі болды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлайды.
Тергеу барысында күдіктінің тұрғындардың сеніміне кіріп, интернет арқылы «жоқ» пәтерлерді жалға беремін деп алдап, ақша тапқаны анықталды.
Күдікті әлеуметтік желілерге пәтер жалға беру туралы жалған хабарландырулар жариялаған. Пәтер жалдауға ниет білдірген азаматтар хабарласқанда, ол алдын ала төлем жасауды талап еткен. Ақшаны алған соң, байланысқа шықпай қойған.
Қазіргі таңда күдіктінің кемінде төрт алаяқтық дерегіне қатысы бары белгілі болды. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.
Полиция азаматтарды интернет арқылы пәтер жалдау кезінде аса сақ болуға шақырады. Белгісіз адамдарға алдын ала ақша аудармауға, пәтердің нақты бар-жоғын тексеруге, тек сенімді сервистерді пайдалануға және міндетті түрде келісімшарт жасауға кеңес береді.
