Астана. 10 ақпан. BM.KZ — Оқиға Ақтөбе облысының Ақкемер ауылы маңында болды. Қазір зардап шеккен жолаушыларды дәрігерлер қарап жатыр.
Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ақтөбе қаласына қалай бағыт алған жүргізушінің бірі жүк көлігін көрмей қалған. Сол кезде көліктер бірінен соң бірі жиналып қалды. Барлығы 10 көлік соқтығысып, жол жабылды.
— Жол-көлік оқиғасы салдарынан үш адам түрлі жарақаттармен медициналық мекемеге жеткізілді. Қазіргі уақытта оқиға орнында жедел тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Полиция департаменті жол қозғалысына қатысушылардан ережені қатаң сақтауды сұрап, арақашықтықтың маңызды екенін ескертеді,- деп хабарлады Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі.
Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, ауруханаға жеткізілген адамдардың бәрін дәрігерлер тексерді. Олар жеңіл жараланған.
Ақтөбеде қазір Ақтөбе-Қарабұтақ, Ақтөбе-Атырау және Ақтөбе-Әлімбет бағытындағы республикалық маңызы бар жолдар жабық тұр.
