Астана. 11 ақпан. BM.KZ — Канаданың Британиялық Колумбия провинциясындағы мектептердің бірінде атыс болып, 10 адам мерт болды. Қылмыскер де тірі қалмады деп жазады Global News.
Оқиға орнына жеткен полицейлер сегіз адамның мәйітін тапты. Тағы бір адам ауруханаға жеткізіліп бара жатқан жолда көз жұмған. Мектепте оқ атқан деген күдіктінің денесі де сол маңайдан табылды. Алдын ала мәлімет бойынша, ол өзіне қол жұмсаған болуы мүмкін.
Қаза тапқандардың арасында қанша ересек және қанша бала бар екені әзірге нақтыланбады.
Жалпы саны 27 адам зардап шеккен. Олардың екеуінің жағдайы ауыр деп бағалануда.
Канадалық журналистердің хабарлауынша, шабуыл жасаған адам әйел болуы мүмкін. Алайда бұл ақпаратты полиция әлі ресми түрде растаған жоқ. Күдіктінің мұндай қадамға не себепті барғаны белгісіз.
Тамблер-Ридж мектебінде 7–12-сынып оқушылары білім алады. Мектепте шамамен 170 оқушы бар. Қазіргі уақытта оқу орны уақытша жабылып, апта соңына дейін сабақ тоқтатылды.
