• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Жамбыл облысында VIII–XII ғасырларға тән көне теңгелер табылды

Жамбыл облысында VIII–XII ғасырларға тән көне теңгелер табылды

11 февраля, 2026 Жаңалықтар
Фото: liter.kz

Астана. 11 ақпан. BM.KZ — Жамбыл облысының Бесағаш ауылы маңынан археологтар ерте және ортағасырлық кезеңдерге жататын қола монеталар тапты. Мамандардың мәліметінше, бұл ақша белгілері әр дәуірде түріктер, қарлұқтар және Қытай әулеттері тұсында айналымда болған. Бұл туралы liter.kz хабарлады.

Тарихшылардың айтуынша, табылған монеталардың бір бөлігі VIII–XII ғасырларда соғылған. Олардың арасында Таразда және Қытайдың Тан мен Сун әулеттері кезеңінде шығарылған үлгілер кездеседі. Бұл уақыт Ұлы Жібек жолы бойындағы сауда-саттықтың ерекше қарқын алған кезеңімен және 751 жылғы Атлах шайқасы сияқты маңызды тарихи оқиғалармен сәйкес келеді. Зерттеушілердің пікірінше, олжалар Тараз арқылы өткен халықаралық сауда байланыстарының кең ауқымын дәлелдей түседі.

Археолог Искандер Торбековтың айтуынша, Тан дәуірінің теңгелері тек экономикалық айналым құралы ғана емес, саяси ықпалдың да нышаны болған. Теңгелердің ортасына ойық салынуы оларды жіпке тізіп, алып жүруге ыңғайлы ету мақсатында жасалған.

Қазба жұмыстары барысында бұл аумақтан XIII ғасырға жататын мыс теңгелер мен Отырар теңге сарайында соғылған күміс дирхамдар да анықталды. Өткен жылғы зерттеу кезінде барлығы 46 теңге және керамикалық бұйымдардың сынықтары табылған.

Барлық жәдігер алдағы уақытта жергілікті музей қорына өткізіледі. Қазірдің өзінде Жамбыл облыстық музейінде еліміздегі ең бай нумизматикалық коллекциялардың бірі жинақталған.

Мамандардың сөзінше, археологиялық олжалар арқылы өңірдің ғана емес, бүкіл елдің тарихын тереңірек тануға болады. Өйткені теңгелерде билеушілердің есімдері, атақтары және олардың билік еткен кезеңдері бейнеленеді.

Айта кетейік, Тараз қаласы – Қарахан әулетінің ортағасырлық астаналарының бірі. Екі мың жылдан астам тарихы бар шаһар түрлі дәуірлерде гүлдену мен құлдырау кезеңдерін бастан өткерген.

Тарихшы Тәкен Молдақынов Шу мен Талас өзендері аралығындағы аймақты Қазақстан тарихындағы маңызды үдерістердің орталығы деп бағалайды. Дәл осы өңірде қазақ халқының этногенезі қалыптасып, XV ғасырда Керей мен Жәнібек хандар Жайсан қонысында Қазақ хандығын жариялаған.

Сарапшылардың пікірінше, Бесағаш маңынан табылған көне теңгелер Жамбыл өңірінің бай тарихи мұрасын айқындайтын құнды дерек болып саналады.

археология Жамбыл облысы монета тараз теңге

Оқылып жатыр

ҰБТ: үш апта ішінде 283 заңбұзушылық анықталды

АҚШ Сенаты алғаш рет Иранмен соғысты тоқтату туралы қарарды қолдады

Құрбан айт: ҚМДБ еліміз бойынша айт намазының кестесін жариялады

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024849 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024676 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024549 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024473 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024452 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024439 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024334 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024330 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

ҰБТ: үш апта ішінде 283 заңбұзушылық анықталды

Басты тақырып 2 июня, 2026

Астана. BM.KZ. 2 маусым — Бүгінгі күнге дейін өзге адамның орнына тест тапсыру дерегі анықталған…

АҚШ Сенаты алғаш рет Иранмен соғысты тоқтату туралы қарарды қолдады

20 мая, 2026

Құрбан айт: ҚМДБ еліміз бойынша айт намазының кестесін жариялады

19 мая, 2026

Қазақстандықтар шетелде тұрса да зейнетақы алуға құқылы – Конституциялық Сот

19 мая, 2026

Алтын Орданың тікелей мұрагеріміз — Мемлекет басшысы

19 мая, 2026

Лондон, Париж, Рим, Вена: елордадан Еуропа елдеріне тікелей әуе рейстері ашылады

19 мая, 2026

Бүгін Қазақстан мегаполистерінің бірінде қатты нөсер жауады

19 мая, 2026

Сан-Диего мешітіндегі атыс: үш тұрғын мен екі күдікті мерт болды

19 мая, 2026

Алдағы күндері күн күрт суытады

18 мая, 2026

Александр Бублик әлемдік рейтингіде үздік көрсеткішін қайталады

18 мая, 2026

Сұлтан Сарсемалиев істі алқа билерге беруден бас тартты

18 мая, 2026

Оқу-ағарту вице-министрі тағайындалды

18 мая, 2026

Қазақстандағы көмір қоры 300 жылдан астам уақытқа жетеді

18 мая, 2026

Жания Бекмұхамбетова Ташкенттегі турнирде алтын медаль жеңіп алды

15 мая, 2026

КТК маусым айында мұнай экспортын қысқартады

15 мая, 2026

ШҚО-да балалар стоматологиялық емханасы жұмыскерлерінің еңбекақысын төлемеген

15 мая, 2026

Қазақстан мен Түркия мәңгілік достық туралы декларацияға қол қойды

14 мая, 2026

Елдегі қай автожолдардың сапасы сын көтермейді?

14 мая, 2026

Салтанат Нүкенованың өлімі: кассациялық сот Байжановтың жазасын өзгеріссіз қалдырды

14 мая, 2026

Ақтауда полиция қызметкері көлігімен бір жарым жасар баланы қағып кетті

14 мая, 2026
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.