Астана. 17 ақпан. BM.KZ — Қостанай облысындағы түзеу мекемесінде жазасын өтеуші көз жұмды. Оқиғаға байланысты тергеу басталды, деп хабарлайды Kazinform.
ҚР Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі ер адамның есірткі қылмысы үшін жазасын өтеп жатқанын хабарлады.
— Бұл оқиға бейнебақылау камерасына түскен. Қазір барлық мән-жайды анықтау мақсатында қызметтік тергеу жүріп жатыр, — делінген хабарламада.
