Астана. 18 ақпан. BM.KZ — 18 ақпан күні Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында XXV қысқы Олимпиада ойындарының он бірінші жарыс күні басталды.
Бүгін 11 қазақстандық спортшы төрт спорт түрінен жарыс жолына шығады.
Қазақстан құрамасының жарыс кестесі:
13:45 — шаңғы жарысы, командалық спринт
Қатысушылар: Надежда Степашкина, Ксения Шалыгина, Анна Мельник, Дарья Ряжко, Әмірғали Мұратбеков, Виталий Пухкало, Наиль Башмаков.
14:00 — тау шаңғысы, слалом (әйелдер)
Қатысушы: Александра Скороходова
14:00 — фристайл-акробатика, іріктеу (әйелдер)
Қатысушы: Аяна Жолдас
17:00 — фристайл-акробатика, финал (әйелдер)
Қатысушы: Аяна Жолдас (іріктеуден сәтті өткен жағдайда)
00:15 — Шорт-трек, Ширек финал және финал (ерлер 500 метр)
Қатысушы: Абзал Әжғалиев, Деннис Никиша
