Астана. 19 ақпан. BM.KZ — Елордада Қазақстанның жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумға кері санақ басталды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Жаңа Конституцияны қабылдау бойынша жалпыреспубликалық референдум биылғы 15 наурызда өтеді. Оған дейін 25 күн қалды.
— Кері санақ таблолары елорданың бірқатар маңызды нысанында — шолу дөңгелегінде және Қазақстан темір жолы ұлттық компаниясының ғимаратында орнатылды. Ондағы сандар нақты уақыт режимінде референдумға дейін қалған күндерді көрсетіп тұр, — делінген хабарламада.
