Астана. 7 сәуір. BM.KZ — Алматыда болған жантүргішерлік жол апатына кінәлі жүргізуші қамауға алынды. Бұл туралы қалалық полиция департаменті хабарлады.
Үш адамның өмірін қиған жол-көлік оқиғасына қатысты іс бойынша күдіккті деп танылған ZEEKR автокөлігінің жүргізушісі тергеу изоляторына этапталды. Бұған дейін күдікті медициналық мекемеде айдауылмен болған.
— Қазіргі уақытта ол қылмыстық іс аясында қамауда ұстау үшін тергеу изоляторына жеткізілді, — деп хабарлады департаменттен.
