• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Катонқарағай елдегі ең экологиялық таза қалаға айналады

Катонқарағай елдегі ең экологиялық таза қалаға айналады

7 апреля, 2026 Басты тақырып
Фото: varandej.livejournal.com

Астана. 7 сәуір. BM.KZ — Бүгін Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінде Катонқарағай ауданын дамыту жайы талқыға салынған жиын өтті. Оған аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағанов, Парламент Мәжілісінің  депутаты Ерлан Саиров және Aitas холдингінің өкілдері қатысты.

Отырыс барысында аудан әкімдігі мен Aitas холдингі бірлесе әзірлеген Катонқарағайды дамытудың стратегиялық құжаты ұсынылды.

Еске салсақ, жуырда ШҚО әкімін қабылдаған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев туризм саласын дамытуды жалғастыруды тапсырған болатын. Бұл мақсатта облыс әкімдігі кәсіпкерлермен бірлескен жұмысты күшейтіп жатыр.

«Соңғы 7 жылда Катонқарағайда 100-ден астам жоба іске асырылды. Оның 75-і туризм саласына қатысты. Аудан әкімдігімен бірлескен жұмыстың арқасында қызмет көрсетілген туристер саны 5 есе, бөлшек сауда көлемі 2 есе, мектептердегі білім сапасы 20%-ке өсті. Енді Катонқарағайды дамытудың 2030 жылға дейінгі жоспары әзірленіп отыр», — деді Aitas Meken foundation корпоративтік қорының атқарушы директоры Фатима Герфанова.

Оның айтуынша, ондағы негізгі мақсат — саналы туризм кластерін құрып, ауданның өз экономикасының 50%-ін қамтамасыз ете алуына қол жеткізу. Стратегиялық құжатқа сәйкес, ауданда бес жылда халықаралық деңгейдегі 2 қонақүй, 2 музей, 3 көпфункционалды сауда және туристік кешен, ауыл шаруашылығы өнімдері сатылатын 2 базар салынбақ.

Катонқарағай мен Өрел негізгі тірек ауылдар болады деп көзделген. Олар базалық инфрақұрылыммен толықтай қамтылып, 3 жаңа мектеп, 2 балабақша бой көтереді. Холдинг өкілдері басқа ауылдардың да назардан тыс қалмайтынын айтып отыр. Экологияға да баса мән беріліп, халықаралық Green Destination сертификатын алу жоспарланып отыр. Осылайша, Катонқарағай ел бойынша ауаға мүлде зиянды шығарындылар тарамайтын алғашқы аудан болмақ.

«Шығыс Қазақстандағы шекаралық аудандар Президенттің жеке шешімімен ашылған. Олардың дамуы Мемлекет басшысының жеке бақылауында. Егер Катонқарағайдағы осы жоба сәтті іске асатын болса, бұл қалған аудандарға үлгі болады», — деді Ерлан Саиров.

ШҚО әкімі өз сөзінде ұсынылған стратегиялық құжат өңірдің 2030 жылға дейінгі даму жоспары аясында жіті қаралатынын жеткізді. Сондай-ақ туризмді ілгерілетудің арнайы жоспары да жеке әзірленіп жатыр.

«Облысты дамыту мақсатында жұмыс істеуге ниет білдірген кәсіпкерлерге қолдау көрсетіп, барынша жағдай жасауымыз керек. Катонқарағай тек қазақстандық емес, шетелдік туристер көптеп келіп, таңқалып, айналасындағыларға жарнамалап айтатындай мекенге айналуы тиіс», — деді Нұрымбет Сақтағанов.

Өңірдің туризм саласын дамытуға жергілікті кәсіпкерлер қарқынды тартылып жатыр. Aitas холдингі Катонқарағайдан бөлек, Ұлан және Шемонаиха аудандарында жұмыс істеуді көздесе, Риддер қаласы, Үлкен Нарын, Марқакөл және Күршім аудандарына басқа бизнес өкілдері де қаражат құймақ.

Катонқарағай туризм экология

Оқылып жатыр

Шығыс Қазақстан тұрғындарын кене шаға бастады

NBC TV қаржы пирамидасына қатысты тергеу аяқталды

Мемлекет басшысы ҚР Үкіметі мен ХҚДБ арасындағы келісімге қатысты құжатқа қол қойды

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024845 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024676 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024548 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024472 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024451 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024438 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024334 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024330 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

Шығыс Қазақстан тұрғындарын кене шаға бастады

Жаңалықтар 7 апреля, 2026

Астана. 7 сәуір. BM.KZ — Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында 4 адамды кене шақты, деп…

NBC TV қаржы пирамидасына қатысты тергеу аяқталды

7 апреля, 2026

Мемлекет басшысы ҚР Үкіметі мен ХҚДБ арасындағы келісімге қатысты құжатқа қол қойды

7 апреля, 2026

Шарын табиғи паркінде Түркістан сілеусіні фототұзаққа түсті

7 апреля, 2026

LRT сынағы барлық 19 құраммен жүргізіле бастады

7 апреля, 2026

Атырауда қоқыс полигоны өртке оранды

7 апреля, 2026

Катонқарағай елдегі ең экологиялық таза қалаға айналады

7 апреля, 2026

Алматыдағы жол апатына кінәлі жүргізуші тергеу изоляторына қамалды

7 апреля, 2026

Әсері күшті дәрілерді заңсыз сату бойынша 16 қылмыстық іс қозғалды

7 апреля, 2026

Қазақстанда жол-құрылыс маусымы басталды

7 апреля, 2026

Artemis II экипажы Жерден ең алыс қашықтыққа ұшу рекордын жаңартты

7 апреля, 2026

Алматыда 13 жасар қызды әкесінің досы зорлаған: балалар омбудсмені не дейді

26 февраля, 2026

Астана әуежайындағы ұшу-қону жолағы жабылады: Air Astana рейстеріне өзгеріс енгізіледі

26 февраля, 2026

Алматыда 8 келі метамфетамин тәркіленіп, күдікті қамауға алынды

26 февраля, 2026

Алматыдағы даулы оқиғадан кейін курьерлерге қойылатын талап күшейеді

26 февраля, 2026

Бүгін республика жолдарындағы ахуал қандай

26 февраля, 2026

Куба жағалауында атыс болды: қаза тапқандар мен жараланғандар бар

26 февраля, 2026

Астанада оқушылар онлайн оқитын болады

26 февраля, 2026

–40 градусқа дейін аяз: Қазақстанда күн күрт суытады

26 февраля, 2026

Атырауда трансгендерлерге қатысты резонанс тудырған оқиға: мән-жайы айтылды

25 февраля, 2026
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.