Астана. 8 сәуір. BM.KZ — Қазақстанның бірінші, ал әлемдік рейтингте 11-орында тұрған Александр Бублик Монте-Карло «Мастерс» турнирін жеңіспен бастады.
Қазақстандық спортшы әлемнің бұрынғы 6-ракеткасы, қазіргі уақытта 199-орында тұрған Гаэль Монфиспен кездесіп, екеуінде де 6:4 есебімен жеңіске жетті.
Бір сағат 17 минутқа созылған матч барысында Бублик 4 эйс орындап, 7 брейк-пойнттың 3-ін сәтті пайдаланды. Ал Монфис тек 2 эйс пен 1 брейк жасай алды.
Келесі кезеңде Александр Бублик үшінші айналымға шығу жолында әлемнің 13-ракеткасы, Иржи Легечка немесе рейтингте 39-орында тұрған Алехандро Табило жеңгенімен кездеседі.
Тағы бір қазақстандық теннисші, рейтингте 77-орында тұрған Александр Шевченко, алғашқы айналымнан аса алмады. Ол әлемнің 51-ракеткасы, Марин Чиличке 1:6, 3:6 есебімен есе жіберді.
