Астана. 10 сәуір. BM.KZ – Ширек финалға шыққан әлемнің 11-ракеткасы Александр Бублик әлемнің 1-ракеткасымен бақ сынасады.
Қазақстандық теннисші үшінші айналымда әлемнің 13-ракеткасы, чехиялық Иржи Легечканы жеңді.
Бір сағат 15 минутқа созылған бәсеке 6:2, 7:5 есебімен аяқталды.
А.Бублик 5 эйспен бірге 7 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды. Легечка 7 эйспен көзге түсті.
Александр Бублик жартылай финалға шығу үшін әлемнің 1-ракеткасы, испаниялық Карлос Алькараспен таласады. Ол үшінші айналымда әлемнің 30-ракеткасы, аргентиналық Томас Мартин Этчеверриді ұтты — 6:1, 4:6, 6:3.
