Астана. 10 сәуір. BM.KZ – «Қазгидромет» РМҚ 11–13 сәуірге арналған Қазақстан бойынша ауа райы болжамын жариялады.
— Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде циклондар мен антициклондардың жиі алмасуына байланысты ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады. Елдің батысында және оңтүстігінде жаңбыр, найзағай күтіледі, — делінген хабарламада.
Солтүстік-батыста, солтүстікте, шығыста және орталықта түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз жаңбыр болжанады.
11 сәуірге қараған түні елдің шығысында қар жауады. 11 сәуірде республиканың батысында қатты жаңбыр, бұршақ күтіледі. Қазақстан бойынша тұман болжанады.
