• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Туристер саяхат кезінде нені ескеруі керек

Туристер саяхат кезінде нені ескеруі керек

17 апреля, 2026 Астана
Фото: Астана қаласының әкімдігі

Астана. 17 сәуір. BM.KZ — «Заң мен тәртіп» қағидаты тек құқық қорғау саласын емес, өміріміздің барлық бағытын, оның ішінде туризмді де қамтиды. Саяхатшының өз құқықтарын білуі және міндеттерін сезінуі — жайлы әрі қауіпсіз демалыстың басты шарты, деп хабарлайды елорда әкімдігіні ресми сайты.

«Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» заңда осы мәселелер қарастырылған. Заң бойынша саяхатқа әзірленген немесе саяхат жасап жүрген әрбір турист мынадай мүмкіндіктерге ие:

• Қауіпсіздік пен көмек. Жеке басына немесе мүлкіне қауіп төнген жағдайда консулдық, дипломатиялық және өзге де мемлекеттік өкілдіктерге жүгіну.

• Ақпараттық айқындық. Уақытша болатын елдің заңнамасы, жергілікті халықтың әдет-ғұрыптары, діни салттары мен киелі орындары туралы дұрыс ақпарат алу. Бұл — заң бұзушылықтың алдын алудың алғашқы қадамы.

• Еркін қозғалыс. Уақытша болатын елде қабылданған шектеу шараларын ескере отырып, туристік ресурстарға еркін қол жеткізу.

• Шұғыл медициналық көмек. Кез келген уақытта қажетті медициналық жәрдем алу құқығы.

• Залалды өтеу. Егер туристік қызмет көрсету шарты орындалмаса, келтірілген материалдық және моральдық зиянды заң тәртібімен өндіріп алу.

«Заң мен тәртіп» қағидаты туристке тек еркіндік беріп қана қоймай, жауапкершілік те жүктейді. Саяхат кезінде, оның ішінде транзиттік сапарларда турист міндетті:

  • Заңды сақтау. Уақытша болатын елдің (жердің) қолданыстағы заңнамасын қатаң ұстану.
  • Мұраны қорғау. Қоршаған ортаға ұқыпты қарау, табиғи, тарихи және мәдени ескерткіштерді сақтау.
  • Ережелерге бағыну. Елге келу, онда болу және кету ережелерін, сондай-ақ транзит елдерінің тәртібін бұзбау.
  • Жеке қауіпсіздік. Саяхат кезінде жеке өзінің қауіпсіздік ережелерін сақтауға жауапты болу.

— Туристік саладағы «Заң мен тәртіп» қағидаты — бұл екі жақты жол. Турист заңды сақтау арқылы өзін құқықтық қиындықтардан қорғайды, ал мемлекет өз кезегінде туристің құқықтарын қорғауға кепілдік береді. Басқа елдің немесе аймақтың заңдарын, мәдени ерекшеліктерін құрметтеу — сауатты туристің басты белгісі. Заң аясында әрекет ету арқылы сіз өзіңіздің де, өзгенің де қауіпсіздігін қамтамасыз етесіз, — делінген хабарламада.

Адам құқығы Заң қоғам саяхат туризм

Оқылып жатыр

ҰБТ: үш апта ішінде 283 заңбұзушылық анықталды

АҚШ Сенаты алғаш рет Иранмен соғысты тоқтату туралы қарарды қолдады

Құрбан айт: ҚМДБ еліміз бойынша айт намазының кестесін жариялады

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024848 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024676 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024548 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024473 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024452 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024439 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024334 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024330 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

ҰБТ: үш апта ішінде 283 заңбұзушылық анықталды

Басты тақырып 2 июня, 2026

Астана. BM.KZ. 2 маусым — Бүгінгі күнге дейін өзге адамның орнына тест тапсыру дерегі анықталған…

АҚШ Сенаты алғаш рет Иранмен соғысты тоқтату туралы қарарды қолдады

20 мая, 2026

Құрбан айт: ҚМДБ еліміз бойынша айт намазының кестесін жариялады

19 мая, 2026

Қазақстандықтар шетелде тұрса да зейнетақы алуға құқылы – Конституциялық Сот

19 мая, 2026

Алтын Орданың тікелей мұрагеріміз — Мемлекет басшысы

19 мая, 2026

Лондон, Париж, Рим, Вена: елордадан Еуропа елдеріне тікелей әуе рейстері ашылады

19 мая, 2026

Бүгін Қазақстан мегаполистерінің бірінде қатты нөсер жауады

19 мая, 2026

Сан-Диего мешітіндегі атыс: үш тұрғын мен екі күдікті мерт болды

19 мая, 2026

Алдағы күндері күн күрт суытады

18 мая, 2026

Александр Бублик әлемдік рейтингіде үздік көрсеткішін қайталады

18 мая, 2026

Сұлтан Сарсемалиев істі алқа билерге беруден бас тартты

18 мая, 2026

Оқу-ағарту вице-министрі тағайындалды

18 мая, 2026

Қазақстандағы көмір қоры 300 жылдан астам уақытқа жетеді

18 мая, 2026

Жания Бекмұхамбетова Ташкенттегі турнирде алтын медаль жеңіп алды

15 мая, 2026

КТК маусым айында мұнай экспортын қысқартады

15 мая, 2026

ШҚО-да балалар стоматологиялық емханасы жұмыскерлерінің еңбекақысын төлемеген

15 мая, 2026

Қазақстан мен Түркия мәңгілік достық туралы декларацияға қол қойды

14 мая, 2026

Елдегі қай автожолдардың сапасы сын көтермейді?

14 мая, 2026

Салтанат Нүкенованың өлімі: кассациялық сот Байжановтың жазасын өзгеріссіз қалдырды

14 мая, 2026

Ақтауда полиция қызметкері көлігімен бір жарым жасар баланы қағып кетті

14 мая, 2026
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.