Астана. 20 сәуір. BM.KZ — Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Германияның Штутгарт қаласында өткен WTA-500 санатындағы турнирде чемпион атанды, деп хабарлайды 24.kz.
Финалда ол чехиялық Каролина Мухованы ұтты.
Бірінші сет тартысты болып, 7:5 есебімен аяқталды. Ал екінші сетте Рыбакина қарсыласын 6:1 есебімен айқын ұтты. Матч бір сағат, 18 минутқа созылды.
Рыбакина 161 мың 310 еуро қаржылай сыйақыға ие болып, рейтингте қосымша 500 ұпай еншіледі. Сондай-ақ жарыс демеушілерінен спорттық автокөлік алады.
Бұған дейін жартылай финалда Елена Рыбакина ресейлік Мирра Андрееваны жеңген еді. Қазақстан теннисшісі дәл осы турнирде 2024 жылы да топ жарған.
