Астана. 6 мамыр. BM.KZ – Қазақстандықтар арасында ең танымал ер есімдері аталды, деп хабарлайды BM.KZ.
7 мамыр — Отан қорғаушылар күні қарсаңында Ұлттық статистика бюросы елдегі ер адамдарға қатысты бірқатар қызықты деректерді жариялады.
7 мамыр — Отан қорғаушылар күні қарсаңында Ұлттық статистика бюросы елдегі ер адамдарға қатысты бірқатар қызықты деректерді жариялады.
Бюро мәліметінше, биылғы жылдың алғашқы бес айында Қазақстанда ең танымал ер есім — Алан болды. Бұл есімді 817 адам иеленген. Одан кейін Айсултан, Алихан, Мұхаммед және Рамазан есімдері орналасқан.
Қазақстанда 10 044 673 ер адам тұрады. Елдегі ерлердің жас құрылымы қоғамның демографиялық келбетін айқын көрсетеді: олардың 30,2%-ы – 0–15 жас аралығындағы балалар, 56,5%-ы – еңбекке қабілетті 16–60 жас аралығындағы азаматтар, ал 13,3%-ы – 61 жастан асқан аға буын өкілдері.
Ер адамдар ең көп шоғырланған өңірлер қатарында Алматы қаласы мен Түркістан облысы алдыңғы орында — әрқайсысында шамамен 1,1 миллион ер адам бар. Бұдан кейін Алматы облысында 806,5 мың, ал Астана қаласында 785,4 мың ер азамат өмір сүреді.
Ерлердің орташа жасы 31,1 жасты құраса, олардың күтілетін өмір сүру ұзақтығы 72,19 жасқа жетіп отыр.
2025 жылғы мәліметтерге сүйенсек, жұмыспен қамтылған халықтың 51,6%-ын, яғни шамамен 4,8 миллион адамды ерлер құрайды. Олардың жартысынан астамы жалдамалы қызметте еңбек етсе (50,6%), едәуір бөлігі өз бетінше жұмыс істеп, кәсіптің түрлі саласында белсенділік танытып отыр (55,1%).
Салалық құрылымға көз жүгіртсек, ерлер ең көп еңбек ететін бағыт – өнеркәсіп (16,5%). Сонымен қатар көтерме саудада – 14%, ауыл шаруашылығында – 12,4%, көлік және қойма саласында – 11,1% ер азамат қызмет атқарады. Жеке кәсіпкерлік саласында да ерлердің үлесі басым — 54,7%.
Жас ерекшелігіне байланысты ең жоғары еңбек белсенділігі 35–44 жас аралығындағы ерлерге тиесілі. Бұл топта шамамен 1,4 миллион адам жұмыс істейді. Аталған көрсеткіштер ерлердің ел экономикасындағы негізгі қозғаушы күштердің бірі екенін айқын дәлелдейді.
Пайдалы сілтемелер