Астана. 12 мамыр. BM.KZ – Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин Каспий жағалауында итбалықтар мен аққулардың қырылу себебін атады.
— Мұндай жайт бізде алғаш рет болып отырған жоқ. Бұл табиғи құбылыстарға байланысты. Оның ішінде жер сілкінісі кезінде табиғи газ бөлініп жатады. Әдетте өлекселерді шіріген кезінде тауып аламыз. Өйткені, оларды толқын жағаға шығарып тастайды, — деді вице-министр Үкімет отырысынан кейін.
Оның айтуынша, өлекселердің табылуына байланысты қажетті сынамалар алынып, зерттеу жалғасып жатыр.
— Дегенмен, ешқандай ауру белгілерін таппадық. Бұл жағдайда да сынамалар алып, зертханаларды тексеру жүргізіліп жатыр. Нәтижесін хабарлаймыз, — деді Аманғали Бердалин.
